Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақ тілінің тарихы, қадір-қаситеті мен әуезділігі, бай тіл екендігі баршамызға белгілі. Сот саласына мемлекеттiк тiлдi енгiзу және тiлге қатысты iс-шараларды ұйымдастыру арқылы тiл проблемаларын шешудiң тетiгi ашылады. Бүгiнгi таңда сот жүйесi мемлекеттiк билiктiң бiр тармағы ретiнде мемлекеттiк тiлде iс жүргiзуге толыққанды бет бұруға кiрiстi. Iс жүргiзудi мемлекеттiк тiлде жүргiзудiң жолдарын жылдамдату парыз. Ұлттық рухтағы өзектi болған мәселенi шешуге сот тарапы да өз мiндетiн атқаруы қажеттiлiк. Сот билiгiнде мемлекеттiк тiлде iс жүргiзудi сақтап қалу арқылы ұрпақтар сабақтастығын жалғастырамыз. Сондықтан сот жүйесiндегi қызметтiк тiлдi мемлекеттiк тiлде жүргiзу әрбiр қызметкердiң мiндетi.


«Тiл – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарында» тарауында: «Мемлекеттiк тiлдi елдiң мемлекеттiк басқару, заңнама, сот iсiн жүргiзу салаларында, Қарулы Күштер құқық қорғау органдарында, халықаралық қызметiнде қолдану жөнiндегi шараларды iске асыру және қабылдау қажет» деп айтылған. Олай болса, сот саласында тiл саясатын iске асырудың шарттарын жасап, дәйектi шаралар ұйымдастыру, сот жүйесiндегi қызметкерлердiң мемлекеттiк тiлдi еркiн меңгеруi үшiн қажеттi шараларды қарастыру, мемлекеттiк тiлдi енгiзуге қажеттi материалдық-техникалық жағдай жасау мәселелерiн қарастыру кезек күттiрмейтiн мәселе болып отыр.
«Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы» Заңының 4-шi бабына сәйкес соттың iшкi қызмет жүргiзу тiлi, яғни кез келген жұмыс жоспары мен ұйымдастырылатын iс шаралар, қызмет мiндеттерi т.б. мемлекеттiк тiлде жүзеге асырылуы шарт. Сот қызметiндегi мемлекеттiк тiлдiң әлеуметтiк-коммуникативтiк қызметiн нығайтып кеңейту, iс жүргiзудiң негiзгi тiлi ретiнде қалыптастыру, қазақ тiлiндегi нормативтiк құқықтық базаны дамыту кезек күттiрмейтiн мәселе. Сот жүйесiндегi кадрларды iрiктеу мәселесiнде мемлекеттiк тiлдi меңгермеген азаматтарға мемлекеттiк қызметте орын болмауы керек. Қазiргi таңда iс жүргiзудiң ресми тiлде жүргiзiлу себебi мемлекеттiк тiлдi меңгермеген мамандарды қызметке алуымен бұл мәселенiң түйiнi шешiмiн таппай отыр. Бұндай жағдайда мемлекеттiк тiлде iс жүргiзе бiлетiн санаулы мамандарды марапаттап, ынталандыру сипатындағы қосымша шаралар жүргiзiлсе, мемлекеттiк тiлде iс қағаздармен жұмыс iстей алатын адамдарың саны арта түседi. Сот жүйесiне арналған мемлекеттiк тiлдi оқытудың орталықтандырылған жоспарын дайындау және бiрыңғай жоспармен оқыту, тестiлеу мемлекеттiк тiлге көшудегi жүйелi жұмыстардың бiрi болып табылады.


Л.Құнанбаева,
Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотының кеңсе меңгерушісі

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз