Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Халқымыз үшін ең қастерлі де киелі Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында аудан орталығындағы Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектепте ақыл-ойдың спорты – «Шахмат клубының» ашылу салтанаты өтті. Аудан көлемінде тұңғыш рет қолға алынып, жүзеге асырылып отырған шараның демеушілері - мектептің 2008 жылғы түлегі Дархан Көбелеков пен 2010 жылғы түлегі Қастер Кәкімбек сынды жас кәсіпкерлер. Айбынды Тәуелсіздіктің төл мерекесі аясында бастауын алған жарқын шараның қонақтары - ауданымыздың құрметті ақсақалдары, бұрынғы шахматшылар, Камалбек Кисин, Құмар Құнапиянов, Амантай Тоқтасыновқа лента қию рәсімі құрметпен ұсынылды.


Сондай-ақ, бұл күні білім ордасында ашылып отырған игілікті шараға ауылдық округтің әкімі Е.Ниязбаев, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Г.Ақшабаева, консультанты Қ.Мәлғаждаров, Көкпекті аудандық қазақ күресі федерациясының Президенті С.Тлебалдин және ардагер ұстаздар арнайы шақырылыпты.
Шахмат клубы ашылуының салтанатты бөлімі Мемлекеттік Әнұранмен басталып, келген қонақтардың құттықтау тілектерімен жалғасып жатты. Аталмыш клубтың ашылуына ұйытқы болып, ұзақ жылдар педагогтық қызметті мінсіз атқарып жүрген мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Тлебалдинаның айтуынша, көптен бері ойда жүрген клубтың ашылуына «Туған жер» бағдарламасы аясында мектеп түлектері Қастер Кәкімбек пен Дархан Көбелеков атсалысқан екен. - Екеуі де Алматы шаһарында жоғарғы білім алып, кәсіптің көзін тауып, Отанымызбен бірге өсіп, бірге дамып келе жатқан Тәуелсіздіктің төл құрдастары қазіргі таңда туған мектебіне қолдау көрсету қолдарынан келіп отырғаны, әрине, мақтауға тұрарлық та мақтанарлық та жәйт. Клуб жетекшілері болып мектеп ұстаздары Р.Сүбебаев пен Р.Орынбеков тағайындалды. Енді оқушылар бос уақыттарын ақыл-ой спортымен де шұғылданып, тиімді өткізуге мүмкіндік алатын болды, - деп, Саягүл Мағауянқызы көпшілікке жылы лебізін білдірді.
Рет-ретімен құттықтау лебіздерін мектеп директоры Қажет Жүнісбекұлы, Ерлан Қизатоллаұлы, Гүлбаран Майлыбайқызы, Камалбек қария, Серікболсын Асырандыұлы арнап, келешекте білім ордасынан шахмет спорты бойынша Әлем чемпиондары шығуына тілектестіктерін білдірді. Сонымен бірге, ардагер ұстаз Қ.Аусарбаевтың жіберген арнауын немересі Аружан оқыса, демеуші түлектердің Тәуелсіздікке құттықтау жеделхаттарын кеш жүргізушілері оқып берді.
Шахмат клубының ашылу лентасы қиылып, ішке кірген қонақтар, қарт шахматшылар жас шәкірттерге көрсеткен шеберлік сыныбында ми жаттығуын, қалай «шах» қою, қалай «мат» қою жолдарын үйреткен көріністер аса қызығарлық, тәлім-тәрбиелік мәні зор сәт еді. Бұдан былай құрметті қарияларымыз қуана-қуана мектепке келіп, мектеп балаларымен шахмат ойнап тұруына мүмкіндік ашылғанын қуанышпен жеткізді. Бұл күнгі мерекелік шаралар мұнымен тәмам болмай, қонақтарды акт залында жайылған ақ дастарқан, оқушылардың орындауындағы әдеби-монтаж бен өнерпаз балғындардың сазды әндері, сиқырлы билерімен жалғасты.
Кеш соңында Е.Ниязбаев бүгінгідей жарқын шараны ұйымдастырып, аудандағы алғашқы шахмат клубын ашқан мектеп басшыларына, оқушыларға, қатысушыларға алғысын білдірді. – Бүгінгідей мерекелік шаралардың талапқа сай әсемдікпен өтіп жатқаны, қазіргі алаңсыз, бақыт пен шаттыққа толы өмір сүріп отырғанымыздың баршасы қасиетті Тәуелсіздіктің арқасы. Баға жетпес егемендігіміз баянды, ел еңсесі биік болсын!- деді ауыл әкімі.
Құмар Құнапиянов, медицина саласының ардагері, байырғы мектеп түлегі:
- Жақия Шайжүнісовтей тарихта өшпес ізі қалған, жетім балалардың әкесі болған ұлағатты ұстаз есімімен аталған мектептің осындай жетістіктеріне қуанбасқа лажың жоқ. Біз де кезінде бұл қарашаңырақтан ұшқан түлекпіз. Қасиетті қарашаңырақтан қаншама білімді мамандар, атақты ғалымдар, мықты-мықты азаматтар тәрбиеленіп шықты. Әлі де сол үрдіс жалғасып, талай-талай атақты шахматшылар шыға беруіне тілектеспін. Тәуелсіздік мерекесі баршамызға құтты болсын!

Бақыт МҮЛІКОВА

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз