Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Мұражай – елдің тарихын, мәдениетін және өркениетін айғақтауда маңызды рөл атқаратын тәрбиелік орын. Сондықтан да ол қоғам өмірінде ерекше орынға ие, жұртшылыққа ашық болуы керек. Материалдық және рухани мәдениеттің ескерткіштерін жинау-да және сақтауда мұражайлар аса зор ғылыми-ағартушылық және біліми-тәрбиелік жұмыстарды жүргізеді. Еліміз егемендік алып, ұлттық мұражай ісі тың талаптар мен жаңа мазмұнға ие болуда.


Бүкіләлемдік мұражай кеңесінің XI-ші бас конференциясының шешімімен 18 мамыр - мұражай күні болып белгіленген. Бұл жалпы адамзат мәдениет пен ұлттық құндылықтарды сақтаушылардың төл мерекесі. Жыл сайынғы Халықаралық мұражайлар күнін Қазақстанның барлық аумағында атап өту мәдени білімдарлық деңгейін арттыруға өз әсерін тигізбей қоймайды. Бұл күні Көкпекті ауылындағы тарихи өлкетану мұражайында «Мұражай қызметін инновациялық даму мен ақпараттандырудың өзекті мәселелері» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарға Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ә.Саржанов, Мәдениет үйінің директоры Н.Тоянкенов, аудан мектептерінің тарих пәнінің мұғалімдері және мектеп мұражайларының қыз-меткерлері қатысты. Аталмыш шараның мақсаты - Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: ЖаҺандық бәсекеге қабілеттік» Жолдауында айтылғандай жаңа технологияларды енгізу.
Семинар медиаторы, мұражай қыз-меткері, Клара Рафикқызы кіріспе сөз сөйлеп, семинар қонақтарын бүгінгі мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Семинарда алғашқы сөз алған аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің әдіскері Н.Капчикова аудан мектептеріндегі мұражайды ұйымдастыру жұмыстарына тоқталып өтті.
Сонымен қатар, Көкжайық ОМ (А.Алияр), Мариногорка ОМ (Г.Григорьева), М.Әуезов ОМ (К.Бопаева), Подгорное ОМ (И.Жатенова) және Самар ауылдық округінің тарихи-өлкетану мұражайының меңгерушісі Г.Дюсупова да өз мұражайларының жұмыс мазмұнымен таныстырып өтті. Семинарға келушілер арнайы мұражай жәдігерлерімен танысып, естелік фотосуреттерге түсті.
Қай тарих болмасын оның мәдени мұра болып қалатынын естен шығармайық, оны зерттеп, сақтауымыз керек. Біздің мұражай кім болмасын әрдайым барлық адамдарға ерекше әсер етеді.
- Халықаралық мұражай күні – бұл тек қана тікелей мұражайлармен байланысы бар адам-дардың кәсіби мейрамы ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның мәдени мұрасын сақтау және көпшілікке таныту идеяларына бейжай қарамайтын жандардың да, мұражайды ерекше мәдени орталық ретінде өзіне қымбат және жақын санайтындардың да мейрамы, - деп семинарды қорытындылады Клара Рафикқызы.


Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз