Бүгінде жалынды жастардың басын қосқан «Жайдарман» әзілқойлар мен тапқырлар сайысы. Жайдарман жастардың сүйіп көретін және сүйсіне ойнайтын әзіл алаңына айналды. Қазіргі таңда телеарна арқылы көрсетіліп, көптің ықыласына бөленіп жүрген ерекше жобалардың бірі.
«Жайдарман» әзілқойлар мен тапқырлар сайысы – жастарды мәдениеттілікке тәрбиелеу, интеллектуалдық деңгейін көтеру және өмірлік дұрыс бағыт-бағдар беру мен қоғам дамуына үлес қосып, жастардың өмірде өз орнын дұрыс таба білуге баулиды.
Көкпекті ауылының мәдениет үйінде аудандық жастар орталығының ұйымдастыруымен «Жайдарман – 2017» финалдық сайысы өтті. Бұл көңілді тапқырлардың сайысы Шұғылбай, Ажа, Биғаш, Үлгілімалшы, Тассай, Көкжайық ауылынан келген командалардың басын қосты. Жыл көлемінде өткен ойындарда суырылып шыққан алты команданың жайдарманшылары сайыс барысында қоғамдағы түйткілді мәселелерді әзілмен түйреп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сайыс қорытындысында ұтымды әзіл, тапқыр сөзбен қарсыластарынан басым түскен Биғаш командасы командасы жеңімпаз атанып 1 орын алды. Ал, 2 орын Шұғылбай жастарына тиселі болса, Тассайлық «Пішінә» командасы үшінші орынға табан тіреді. Үлгілімалшы, Ажа және Көкжайық ауылының құрамалары белсене қатысқаны үшін марапатталды. Жарысты ұйымдастырушылар қатысушы командаларға ризашылығын білдірді.
Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.