14-15 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында жасөспірімдер арасында NOMAD MMA бойынша Қазақстан чемпионаты өтті. Жарысқа облыстың 11 қаласынан спортшылар қатысты.
Жарысқа Көкпекті ауданының намысын жаттықтырушылар Руслан Жүнісов пен Тимур Тоқтасыновтың шәкірттері қорғап келді. 11 қаланың спортшылары түскен додада топты жарып жүлделі орындарды қанжығаларына байлап келді.
Жарыстың қорытындысы бойынша 1 орынды Дәлел Маликов пен Ербек Орынбеков алса, 3 орынды Бекзат Қайырхановқа берілді. Ал, Олеговка ауылы Пушкин негізгі мектептің оқушысы Рахатбек Дүйсенбеков 3-орынға ие болды. Жас өрендердің жеңістері жемісті болғай. Енді жеңімпаздар 27 маусымда Қырғызстанның Бишкек қаласында өтетін Азия чемпионатына дайындық үстінде. Жаттықтырушылардың ата-аналарға айтар алғыстары шексіз. Оларды қолдап, қорғап жүргендеріне риза.
Осы жауынгерлік жекпе-жек өнерінің осы түрі алдағы уақытта Көкпекті ауданында мейлінше дамып, жастарды спортқа баулумен қатар қазақстандық патриотизм сезіміне тәрбиелейді деген ойдамыз.
Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.