Біздің ауданда талантты өнер иелерін анықтап, мәдени рухты көтеру мақсатында жылдан- жылға көркемөнерпаздар байқауы дәстүрлі түрде жалғасын тауып жатады.
Жуықта Самар ауылында Көкпекті ауылдық округ бо-йынша көркемөнерпаздар байқауының «Қазақстанның көк туы желбірей берсін» атты концерті өтті. Биылғы өнер байқауының тақырыптық аумағы да кең екен. Біз куә болған ауылдық округіндегі көркемөнерпаздар байқауы Алашорда қозғалысының 100 жылдығын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері және Қарулы Күштердің 25 жылдығына арналды.
Байқау бағдарламаның шымылдығын Көкпекті орта мектеп ұжымының хоры «Қазақстан» әнімен ашып берді. Бұдан кейін жергілікті өнерпаздар М.Бекішев, Д.Ахметжанова, Д.Атаубаева(«Балерке» балабақшасы), Балалар өнер мектебінің фольклорлық ансамблі бар өнерлерін ортаға салды.
Ж.Шайжүнісов атындағы мектептің ұжымы театрландырылған қойылымды Алаш қозғалысына арнады. Қазақ зиялылары саяси қызметтің қатерлі жолында жалтақтамай, жанқиярлықпен күрескен көрнекті тұлғалар. Алаш ардақтылары халықты ұлтаралық бірлікке шақырды, олар ұлтшылдықты арқау еткен жоқ, керісінше ұлтын сүйген ұлтжанды азаматтар екенін танытты.
Аудандық аурухана, «Шуақты шұғыла» балабақшаның би тобының өнерлері көпшілікті тәнті етті. Көкпекті әкімшілік ұжымы, «Інжу-маржан» ансамблі, Ж.Ибраева, Ш.Ибраев және өзге де өнерпаздардың ән мен жыры, биі көрерменге жақсы көңіл-күй сыйлады.
Концерт аяқталған кезінде Самар ауылдық округінің әкімі А.Күдербаев келген қонақтарға ауыл тұрғындардың атынан ыстық лебізін білдірді. Өз кезегінде Көкпекті ауылдық округі әкімінің м.а. Е.Ниязбаев қонақтарды жылы қабылдап, қонақжайлық танытқаны үшін самарлықтарға алғыс білдірді. Мұндай рухани қарым-қатынас елдімекендердің достық пен өзара түсіністігін нығайтады.
Қанат АПСАДЫҚОВА
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.