Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақи салт-дәстүрдің иісін аңқытып, адамдарды өнерге баулу, мәдениетке араластыру, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, қарттардың аудан өміріне үлестерін қосып, патриоттық тәрбие мақсатында 1987 жылы тұңғыш рет ауданымызда, облыста, тіпті республикамызда Бастаушы ауылында Жәнипа Сләмбайқызы Қожамбетованың бастауымен «Асыл мұра» әжелер клубы құрылды. Өнердің көшін өрлетіп, өмірлерін әнмен өрнектеп жүрген «Халықтық» атағына ие болған өнер майталмандары Наурыз мейрамы қарсаңында өзінің 30 жылдық мерейтойын атап өтті.


Бастаушы ауылдық клубында асыл әжелердің мерейтойын тамашалуға жиналған тұрғындар мен қонақтарының қарасы мол болды. Той иелері сахна төріне құрмет-қошемет түрінде толассыз қол шапалақпен шақырылды. Ұлттық қасиеттерді нақыштап, халық әндерін кейінгі ұрпаққа насихаттап, үлгі етіп жүрген «Асыл мұра» клубының жетекшісі Жәнипа Сләмбайқызы Қожамбетова. Бүгінде Бахты Жүніспекқызы Ғабитова, Нұрғайша Камалайқызы Оспанова, Күлзихан Құрманқызы Рақышева, Фарида Байбазарқызы Ермекбаева, Әсия Қайноллақызы Калиева, Рахима Ескендірқызы Есалинова, Кәмәрия Ғұбайдаллақызы Луқпанова, Бинұр Айтқазықызы Шағиева, Гүлзада Уалиқызы Тупеева әжелерімізден тұратын құрамды музыкант Ұмытқазы Игіліков сүйемелдеп келеді.
Асыл үрдістің желісін одан ары дамытып келе жатқан «Асыл мұра» қоғамдық бірлестігінің тарихына көз жүгіртсек, 1987 жылы 28 наурызда Бастаушы ауылында аудан басшыларын мәдени қызметтегі адамдарды шақырып, үлкен мереке өткізілді – «Асыл мұра» әжелер клубы ашылды. Клубқа мүше болуға көп адам ынта тартты. Соның ішінен 15 адам таңдалды, оның бесеуі «Батыр аналар», төртеуі 10, біреуі 14 бала тәрбиелеп шығарған. Қазір немере-шөбере сүюде, мамандықтары әртүрлі, ақ босағаның алтын діңгектері.
«Ел іші – өнер кеніші» демекші, әуесқой әртіс әжелер 1988 жылы Бастаушы аулында ең алғашқы «Наурыз» мерекесін ұйымдастырып, жерлестерінің ризашылығына бөленді. Өнер көрсеткен әжелер тобы ұлттық өнеріміздің ең асылы мен тұнығын, көкірек түкпірінде көзінің қарашығындай сақтап келген әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді, рәсімдерді өнер тілінде жеткізе білді. Тіліміз бен дінімізді дәріптеуге де шынайы тілектестік танытты. Сонымен қатар, жастар, балалар, қыз-келіншектер, әжелер арасында бір талай сайыстар өткізіп, басшылық етті. Әжелер клубына 10, 15, 20 жылға арналған түсірілімдер түсірілді. Клуб туралы «Қарттар - асыл қазынам» атты бағдарлама түсірілді. Әжелер клубының жанында «Ақ босаға» келіндер клубы, «Ақ баян» қыздар тобы құрылды. Бір неше облыстық, республикалық сайыстарға қатысып, жүлдегер атағын жеңіп, туған еліне олжалы оралып қайтып келетін.
Өкінішке орай, ақ самалды әжелер Әсия Қалиева, Бәтима Ғабитова, Гүлзада Сағадиева, Бағауя Көкпаева, Қамаш Бақырбаева, Тәттібала Досшанова, Қанипа Шағиева, Қатия Кәрімбаева, Ағдия Ғабдиева, Мүташ Омарова, Биғайша Қабылбекованың осы мереке күнге жетпей, қайтыс болып кеткендері, олардың ұшан-теңіз қосқан үлестері тілге тиек болды. Марқұм әжелерді жиналған қауым бір минут үнсіздікпен еске алды.
Қошеметпен ортаға шақырылған әжелер сахна төрінде жиналған қауымды «Алтынай», «Ауылым», әндердің қанатында тербетті. Сахна көркіне айналған айдай аппақ әжелерімізді аудан әкімінің орынбасары Е.Қалдыбаев, мәдениет және тілдер дамыту бөлімінің басшысы Ә.Саржанов, ауылдың ақсақалдар алқасының төрағасы Ш.Ғабитов, «Асыл мұра» ансамблінің ізбасарлары «Асыл қазына» және арнайы шақырылған бір топ қонақтар ыстық лебіздерін білдіріп, сыйлықтарын ұсынып жатты.
Көненің көзіндей болған өнерлі әжелерімізді Көкпекті және Самар мәдениет үйінің көркемөнерпаздары Айымгүл Ыхай, Шамил Ыбраев, Зейнолла Кемей, Нұрлан Қайратұлы әннен шашу шашты. «Ақ босаға» келіндер клубының және әжелер ансамблінің шөберелерінің биін тамашалады.
Кештің себепкері болған «Асыл мұра» ансамблінің бастамашысы, көп жылдар бойы жетекшісі, және клубтың төрайымы болған, балаларына, немерелеріне, отбасына сүйікті, ардақты ана, ұжым алдында беделді, адамгершілі мол, байырғы ұстаз, еңбегі сіңген қайраткері Жәнипа апай Қожамбетова сөз сөйледі. – Біздің ұжым құрылған кезде мен 50 жаста болатынмын, менің әріптестерім, маған қолдау көрсетті, бірге жұмыс істедік. Мен жалғыз ештеңе істей алмас едім, сондықтан халқымыма, ұжымыма ризашылығымды білдерімін, қазір қасымызда шөберелеріміз еріп жүр. Біз ешкімнен қаражат, тиын-тебен сұрап көрген емеспіз, барлық киімдерімізді өз қолымызбен тигіп кигенбіз. Жанымыздан «Ақ босаға» келіндер клубы, «Ақ баян» қыздар клубы ашылды, бәріміз бірігіп жұмыс жүргіздік, - деді құрметті Жәнипа апай.
Құттықтау сөзінен кейін ардақты әже «Ақ босаға» келіндер клубына өсиетті сөз айтып, аманат ретінде сәттілік тілеп, өз киімешегін тапсырды. Келіндер клубының мүшесі Сара Токтарбайқызы (Жәнипа апайдың келіні) тапсырылған затты өнер жолы ретінде қабылдады.
Бүгінгі ұрпақ, әжелер салған сара жолмен жарқын болашаққа нық қадам басып келеді. Өздері сыйлаған бейбіт өмірде ұрпақтарының қызық қуанышын тамашалап, өздерінің басқа жандарға берген жылуы мен қамқорлығы шексіз алғыс ретінде оралады. Осы бір керемет, тартымды кештің салтанатты бөлімі әжелердің шәкіртерінің орындауында Жәнипа апай жазған «Мектеп әнұранымен» аяқталды.
Мерекелік шара мешіт үйінің қатымханасында жалғасты. Құр-метті қонақтарды арнайы жа-йылған дастарханға шақырды. Дастархан басында талай құттықтау сөздер, ыстық лебіздер кештің себепкерлеріне арналды.
Әжелер өнері, әжелер мектебі, олардың өнегесі – бүгінгі қоғамда баға жетпес байлық, бойға тереңнен сіңіретін табылмас тәр-бие құралы. Оларға қандай жылы сөз айтсақта, қандай сый-сияпат көрсетсекте артық етпейді. Ақ жаулықты әжелерге халық алдында айдай болып жарқырап жүре берулерін тілейміз.


Қанат АПСАДЫҚОВА

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз