Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Басқа спортты қайдам, біздің қазаққа төбелес болса болды» дегенді қалжың етіп айтып жүреміз. Әзілмен көмкеріп, сөз саптағанымызбен осынау ойдың астарынан зіл батпан шындықтың ұшқынын аңғаруға болады. Шын мәнінде, кім-кімге болса да кеудесін бастырмаған өр қазақтың жұдырықтасу өнерінде, әсіресе аралас жекпе-жек түрлерінде қарсыласына есе жіберген тұсы жоқ.
Ғасырдан ғасырға тамыр жалғаған сондай жауынгерлік өнер түрлерінің ішінде "Номад" («Көшпенділер») атауын иемденген жекпе-жек спортының шоқтығы биік. Техникасы бай, әдіс-тәсілі мығым бұл бекзат өнерге соңғы кездері ықылас танытушылардың қатары көбейіп келеді.
Осыған дәлел ретінде 7 жылдай уақыт ішінде жас өрендерді осы спорт түріне баулып жүрген Көкпекті орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, жаттықтырушы Руслан ЖүнісовтІң шәкірттерінің жеңісін айтуға болады. Олар 5-6 ақпан күндері Семей қаласында өткен NOMAD MMA стилінен «Аспан» клубының 15 жылдығына арналған Шығыс Қазақстан облыстық ашық чемпионатына барып жүлделі орындарға ие болып айтты.


- Аталмыш додаға Көкпекті ауданынан жалпы 23 бала қатысты. Көкпекті орта мектебінен 16 оқушы, Сарыбел ауылдық округіндегі Новотимофеевка орта мектебінен 2 оқушы және Ақой ауылы А.Пушкин атындағы орта мектептен 4 спортшы мен үлкендер арасынан Самар ауылының азаматы Еркебұлан Махадиев қатысып, аудан намысын қорғап қайтты. Жарысқа шыққан балалар өздерін жоғары дәрежеде көрсете алды, - дейді Руслан Жүнісов.
Аралас жекпе-жек бүгінде еліміздегі ең танымал спорт түрлерінің қатарына енді. Әлемдік тілде ММА деп аталатын бұл төбелес өнерінің қазақстандық өкілдері де біраз шыңдарды бағындыруда. Алдыңғы ағаларының ізін басқан көкпектілік жеткіншектер төмендегідей нәтиже көрсетіп, аудан спортының дамуына үлес қосты. Көкпекті орта мектебі бойынша 2-орынды Аңсар Болатов, Еділ Батыров, Ирак Аманжолов, Әділжан Кеңесбек, 3-орынды Ерназар Мақсұтов, Ербен Орынбеков, Ердан Орынбеков, Әкежан Төлегенов, Бекзат Қайырханов, Новотимофеевка орта мектебінен 1-орынды Рамазан Депутат, 2-орынды Расул Қасымов (жаттықтырушысы Төлеген Қалиев), А.Пушкин атындағы орта мектеп оқушыларынан 2-орынды Әділжан Жолдасбаев, Әсет Қайырбаев, Айдын Оспанбаев, Аңсар Зияданов (жаттықтырушы Тимур Тоқтасынов) қанжығалап қайтты. А.Пушкин атындағы орта мектептің шәкірттері осы жарысқа баруға демеушілік көрсеткен Данияр Солтанбаев сынды ағаларына айтар алғыстары шексіз.
Ұлттың ұлылығын жер-жаһанға танытуды мақсат тұтқан осындай өр рухты жеткіншектер барда қазақ спортының тұғыры биік, еңсесі тік боларына сеніміміз мол.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 26
27 28          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз