Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жүрекке түрлі ой салатын жақсы ән мен тәтті күйді көрермен жанының азығы еткен жарқын кеште Көкпекті ауылының орталық мәдениет үйі жұртшылыққа лық толды. Бұл күнгі көрермен қауымның басым көпшілігі үлкендер болуының да өзіндік сыры бар. Сахнада кеш бойы өнер көрсеткен «Інжу-маржан» әже-лер және «Толағай сазы» фоль-клорлық ансамбльдерінің құ-рылғанына биыл 5 жыл толуы-на орай өтіп жатқан шығар-машылық кеш болатын.


Кеш шымылдығын құттықтау сөзбен ашқан аудан әкімінің орынбасары Ерлан Қалдыбаев өнер ұжымдарына шығармашылық табыс тілеп, ансамбль жетекшісі Зүльфия Тұрлыбаеваға аудан әкімінің атынан Ал-ғыс хат табыстады. Аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сләмбек Мұқашев өз тарапынан әжелер ансамбліне жылы лебіз білдіріп, егде жастарына қарамай, бойларындағы өнерлерін халық игілігіне арнап жүрген жандарға әлі де тұғырдан түспей, ұзақ жасай беріңіздер деді және «Уба» шипажайына тегін жолдама берілетінін жеткізді. Осылайша, жұрттың асыға күткен концерті «Толағай сазы» ансамблінің «Көңіл ашар» күйімен беташар нөмірін бастап кетті. Бүгінгі күні жас жетекші, Өскемендегі музыкалық колледждің түлегі Толғанай Айдынованың тынымсыз еңбегі мен терең білімі арқасында ансамбль құрамы саны мен сапасы жағынан көп жоғарылағаны бірден байқалды. Ансамбльдің ұлттық музыка дәстүрін жалғастырып, насихаттауда алатын орны ерекше.
Уақыт көшін бес жылға кейін шегіндіріп, музыкалық ансамбльдердің құрылу тарихын қысқаша тарқатып өтсек әбестік болмас. Сол жылдары аудан басшылығының тізгінін ұстаған әкім Дүйсенғазы Мағауяұлы Мусин мәдениет саласына жаңа леп ала келгені белгілі. Аудан әкімінің тікелей тапсырмасымен Қ.Алтынбаев атындағы Мәдениет үйінің директоры Нұрлан Назарханов осы екі ансамбльдің құрылуына белсене кіріскен. Бүкіл еңбек жолын ауданның мәдениет саласымен байланыстырып жүрген, барлығымызға таныс өнер қызметкері Клара Садвакасованың айтуынша, арнайы Алматыдан Қазақстан Республикасының мәдениет қызметкері, дирижер Самат Мәлімбай шақырылып, осында 3 ай бойы жұмыс атқарған ол, «Толағай сазы» ансамблінің негізін құрған. «Ал әжелер ансамблін құру туралы Нұрлан Үмітқазыұлы бізге, яғни Гүлзира Аткешова екеуімізге ұсыныс жасады. Сол кезде ең үлкендеріміз Хабиба Байболова, бүгінде ортамыздан ол дүниелік болып кеткен қос жұлдызымыз Тілек Апсалямова, Тоня Шаяхметовалар болды. Кейінгі құрамда Мұңлық Омарова, Фарида Саттенова, Галина Скударнова, Зайда Исаева, Сәуле Ақжігітова, Қарлығаш Сапарова, Надежда Красникова, Гүлзира Аткешова, Қалнұр Бұтабаева (бүгінде денсаулығына байланысты шыққан), Гүлнар Апсалямова және өзім бармын. 2011 жылдың 2 мамыры күні біз алғашқы концертімізді Амантай Нұрғалиевтің сүйемелдеуімен көрермен назарына ұсындық. Кейіннен Марат Сатыбалдин баянмен сүйемелдеді. Соңғы үш жылдың көлемінде музыкалық жетекшіміз Зүльфия Тұрлыбаеваның сауатты ұйымдастыруымен түрлі жанрда, әр ұлттардың әндерінің ішіндегі інжу-маржандарды шашу қып, «құлақтан кіріп бойды алатын» саз өнерімен тыңдарманды разы етіп жүрміз. Тек арамызда тұла бойы тұнып тұрған өнер, өзі ақын, сценарий құруда белсенді ақылшы Тілек апамыздың болмауы көңілге мұң ұялататыны рас», дейді белді жүргізуші, әнші К.Садвакасова. Тағы бір ескере кететіні, көпшілік байқағандай «Інжу-маржан» ұжымы аудандағы бірден-бір интернационалдық ансамбль.
Ансамбль бірнеше рет аудандық, облыстық хордың жүлдегерлері, республикаға қатысып, Мәдениет Министрлігінің грамотасын алған.
Қазақ халқының дәстүрлі өнерін паш еткен ансамбльдердің орындауындағы ән мен күйіне тәнті болған көпшіліктің қолдауында шек болған жоқ. «Толағай сазының» сүйемелдеуімен «Інжу-маржанның» әуелете салған халық әндері, қырғыз, татар, орыс, украин тілінде, сығанша салған әуендері тыңдарман көңілін сан-саққа шарлатты.
Егемендігімізбен қайта жанданған өнеріміз бен мәдениетіміздің жылдан-жылға серпін алып келе жатқанын сахна төріндегі өнерпаздардың сан алуан киім үлгілерімен жасанып шыққанынан, саз аспаптары түрлерінің көбейгенінен де байқау қиын емес. Сондай-ақ ұжым қызметкерлерінің ортасы жас әншілермен толығуда екен. Көрер-менге шуақты көңіл-күй сыйлаған әдемі кеш жерлестеріміз А.Бозақанов пен Қ.Алтынбаевтың «Өркендей бер» әнімен шымылдығын жапты.
Өнерлеріңіз өрге жүзсін, әуезді ән мен күйден шашу шаша беріңіздер!

Бақыт МҮЛІКОВА

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
21 22 23 24 25 26
27 28          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз