Бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның білім беру саласындағы бас-ты міндеттердің бірі - қазіргі мектеп оқушыларының бойына өз денсаулығын сақтау мен сол бағыттағы оң көзқарасты қалыптастыру және салауатты өмір сүруге ынталандыру. Ынталандырудың бір жолы – оқушыларды үстел теннисін ойнауға үйрету.
Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде білім берумен қатар, олардың салауатты өмір сүріп, азаматтық, моралдық-психологиялық санасын көтеру, патриоттық, интер-националдық сезімін қалыптастыру міндетін ұштастыруда Самар спорт мектебінің жаттықтырушысы Қайрат Бар-босыновтың еңбегі ерекше. Шәкірттері Естай Түркестанов, Манат Парасат, Жансұлу Жексенбаева, Гұлнұр Тоқтарбекова, Әдия Мұхаметқалиева үстел теннисинен түрлі деңгейдегі аудандық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпаздары, облыстық сайыстарға белсене қатысып жүрген, болашақтарынан көп үміт күттіретін жас спортшылар. Ал Амангелді орта мектебінің мақтанышы, оқу озаты, 4 сынып оқушысы Едіге Түркестанов 2016 жылы қыркүйек айында Өскемен қаласында өткен облыстық жекелей чемпионаттың күміс жүлдесін иеленсе, 2016 жылдың желтоқсан айында Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында қазақтың қайсар қызы Сабира Мұхаметжанованы еске алуға арналған облыстық турнирдің алтын жүлдесін қанжығасына байлады.
Қайрат Түркестанұлы өз тәр-биеленушілерінің жаттығуларын екі бағытта жүргізіп келеді: Біріншісі іс-тәжірибелік жаттықтырулар бағыты. Олар дене қуаты қасиеттерін және қимыл шеберлігі мен дағдысын дамыту. Ал екіншісі тәрбие беру бағыты. Жас спортшыны көпшіл, қоғамшыл болуға, отансүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелеу.
«Үстел теннисінің негізгі әлеу-меттік қызметі дене қуаты қа-сиеттерін, қимыл шеберлігі мен дағдысын жетілдіру арқылы жас өсіпірімдерді еңбекке да-йындау. Спорт үйірмелеріне қа-тысу балалардың бойында көп-шілдік, адалдық, еңбексүйгіштік, тәртіптілік, қай-сарлық, табандылық тәрізді мінез-құлықтарды қалыптастырады. Жас спортшыларды тәрби-елеуде ата-аналармен, мектеп ұжымымен тығыз байланыста жұмыс істеймін. Осы орайда мектеп әкімшілігіне деген алғысым шексіз. Барлығы бірлесе тәрбиелесе, қойған талаптары бірдей болса ғана жұмыс нәтижелі болмақ», - дейді тәжірибиелі жаттықтырушы.
Қашанда спорт дегеніміз - жасампаздықтың символы. Жаратылысында табиғатпен тікелей араласып, таудан - өрлікті, судан - тазалықты, жерден – төзімділікті, аспаннан – асқақтықты мирас етіп алған ауыл балаларының алар асулары биік болғай.
Талғат Қабдрахманов, Самар ауылы
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.