Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстандағы тілдердің үштұғырлығы туралы ойды алғаш рет 2006 жылы Қазақстан халқының Ассамблеясында айтқан. 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауында Президент аталмыш мәдени жобаны кезеңдеп іске асыруды ұсынды.
Көкпекті ауданының мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығында қарапайым дең-гейге арналған 60 сағаттық «Тілашар» курсы ұйымдастырылған. «Тілашар» курсы тегін өткізіледі. Курс соңында тыңдаушыларға куәлік табысталды. Сонымен қатар, елге оралған қандастарымыз да оқуға тартылуда. Мемлекеттік қызметшілер В2 ортадан жоғарғы деңгейде 120 сағаттық бағдарламамен оқытылады. Бағдарлама соңында тыңдаушылар сертификаттық және диагностикалық тестілеуден өтеді.
2015 жылдың қазан айынан бастап орталықта ағылшын тілі курстары ашылды. Ағылшын тілін оқуға мемлекеттік қызметшілер мен қатар азаматтық қызметшілер де оқуға ниет білдіруде. Қазақ тілі және ағылшын тілі курстары тегін өткізіледі. Ағылшын тілін оқып-үйренемін деушілердің саны күннен-күнге көбеюде. Қазіргі таңда шет тілдерін меңгеру өзекті мәселе болып табылады. Осы тұрғыда біз алдымызға мақсат қойып, оқып отырған шет тілін тек оқулықпен оқытуға шектелмей, қазіргі жаңа оқыту технологияларының негізінде интерактивті әдістер арқылы жүзеге асыру қажет.
2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін ха-лықтың саны кемінде 20%-ды құрауы тиіс делінген. Аталмыш орталықта шетел тілін тәжірибелік тұрғыда меңгеруге үйреткенде тыңдаушылардың өз бетімен жұмыс істеуге баулу, алған білімін, икемділік дағдыларын жаңа жағдайларға кездескен кезде, шығармашылықпен қолдана білуге машықтандыру көзделеді. Қазіргі кезде шет тілін оқыту мынадай төрт мақсат көздейді: коммуникативтік мақсат, білімдік, тәрбиелік және жетілдіру мақсаты. Осы аталған мақсаттардың ішінде коммуникативті мақсат жетекші рөл атқарады. Үш тілде еркін сөйлеу біліктілігін дамытуды жүзеге асыру барысында: үш тілде еркін сөйлеу біліктілігін дамытуда оқыту технологияларын тиімді пайдалану, заманауи интерактивтік және инновациялық технологияларды қолдану, үш тілде де қарым-қатынас жасауға, сөйлеуге үйрету, тыңдаушының тілдік қабілетін толық ашу, сөздік қорын молайтуда аударма және түсіндірме сөздіктерін пайдалана алу, танымдық қызығушылығын қалыптастыру міндеттері алға қойылған. .
Қорыта айтқанда: «Білекке сенер заманда ешкімге есе бермедік. Білімге сенер заманда – қапы қалып жүрмейік» - деп Абылай хан айтып кеткендей, ертеңгі күннің болашағы бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән екенін естен шығармайық.
Б.Үмітқажиева,
Мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығының басшысы
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.