Жерлесіміз Ерболат Құнанбаев самбо күресінен Қазақстан Кубогын жеңіп алды. Семей қаласында өткен Қабанбай Батыр атындағы дүбірлі жарыста қарсыластарын түгел жығып, алтын жүлдені олжалады. Мерейімізді үстем еткен балуан 62 кг салмақ дәрежесінде үздік шығып қана қоймай самбо күресінен спорт шебері атанды.
Семей қаласының денешынықтыру және сауықтыру кешенінде самбо күресінен Қабанбай батыр мемориалы Қазақстан Кубогы үшін өткен жарыс аяқталды. Ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан кубогы сарапқа салынған жарысқа 14 облыс және Астана, Алматы қалаларынан 240-қа жуық палуан қатысты. Мемориалдық турнир биыл 16-шы мәрте ұйымдастырылып отыр. Дәстүрлі жарысқа қатысушылар саны жыл санап артып келеді. Бұл өз алдына еліміздегі самбо күресінің қанат жаюына ықпал етуде.
Екі күнге созылған жарыс қазақ тарихындағы даңқты қолбасшы Қабанбай Батыр есімін дәріптеп, мық-ты палауандарға қолдау көрсетуге бағытталған. Сондықтан, аталған турнирдің елімізде беделі жоғары. Жа-рысқа халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, әлем чемпионатының жүлдегерлері, Азия чемпиондары, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпиондары қатысты. Турнир қорытындысы бойынша, ерлер арасында Маңғыстау облысының палуандары 1орынды жеңіп алып, Кубокты иеленді. 2 орынға Шығыс Қазақстан спортшылары ие болса, Ақтөбе облысының командасы 3орынға табан тіреді. Қыздар арасында шығыстың арулары топ жарып, жарыс Кубогына ие болды. Оңтүстік Қазақстан облысының палуандарына 2орын бұйырса, үздік үштікті Батыс Қазақстан спортшылары қорытындылады. Сонымен бірге, Қазақстан Кубогы сарапқа салынған жарысқа тағы бір көкпектілік балуан қатысты. 74 кг салмақ дәрежесінде белдескен Арслан Бауедимов бұл жолы жүлдеге қол жеткізбегенмен көкшіліктің көзайымына айналды. Арсланның алар асуы алда деп білеміз, үлкен үміт артамыз.
Аталмыш жарыста топ жарып, барша көкпектіліктерді жеңісімен қуантқан жерлесіміз Ерболат Құнанбаевқа хабарласқан едік.
- Қазақстан Кубогының жеңімпазы атанып, спорт шебері атағын алу сәтіндегі қуанышымды айтып жеткізу қиын. Барлығы да Жаратқан Алланың қолдауымен. Қашан да маған қамқор болып, қолдау білдіріп келген ата-анам мен жақындарымның сенімін ақтап, еңбегін өтегеніме сенемін. Алғашқы жаттықтырушыларым Талғат Мүсірепов пен Болат Бекбердинов және бүгінгі бапкерім Қанат Мустафин сынды азаматтардың да жеңісі бұл. Оларға айтар алғысым шексіз. Биыл еліміз Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойын атап өтуде. Осы ұлық мерейтойда жерлестеріме арнаған жеңісім болсын! -
дейді біздің жеңімпаз.
Шұғылбай ауылының тумасы бүгінде Елордада тұрып, ел игілігіне қызмет етуде. Астана қаласы Ішкі істер Департаментінің жедел басқару орталығында кезекші инс-пектор. Жеңіс арқалаған жерлесіміздің шексіз қуанышы барша көкпектіліктерге ортақ!
Дархан БЕРДІБЕК
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.