Кез-келген мемлекеттің қуатты болуы, еңбекке қабілетті, ой еңбегі мен дене еңбегін қатар алып жүретін тәні мықты, рухы биік жандары көп елде ғана жүзеге асады. Халық даналығында: «Тәні мықтының, рухы мықты», «Дені саудың, жаны сау», «Денсаулық - басты байлық», «Спорт-денсаулық кепілі» деген сөздердің мәні тереңде жатыр.
«Мемлекетіміздің басты байлығы — ұрпақ саулығы» деп Елбасымыз айтқандай, халықтың денсаулығы басты қазынамыз екендігі рас. Қазіргі таңда денсаулық сақтау саласын жақсарту мақсатында көптеген жұмыстар қолға алынып, ауыз толтырып айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіп келеміз. Ал, спортты денсаулық кепілі дейтін болсақ, ел намысы сыналатын салада да біршама өзгерістер орын алып келеді. Осыған байланысты еліміз аумағында түрлі үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, спорттық жарыстар, фес-тивальдер ұйымдастырылуда.
Біздің аудан да айтулы істерден қалыс қалып жатқан жоқ. Солардың бірі, Көкпекті ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орта-лығының ұйымдастыруымен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, ағымдағы жылдың 27 сәуірі күні қызмет көрсетушілер арасында «Толағай» спорттық сайысы болып өтті. Сайыс сегіз кезеңнен тұрып, оған «Қыран», «Толағай», «Олимп» топтары қатысты. Әр кезеңде топ мүшелері ептіліктерімен, қырағылықтарымен көз-ге түсті. Олардың еңбектерін таразылаған сарапшылар, ойын соңында әділ бағаларын берді. Са-йыс қорытындысы бойынша І-орынды «Олимп», ІІ-орынды «Толағай» алса, ІІІ-орын «Қыран» тобының еншісіне тиді.
Спорттық шараға белсене қатысқан топ мүшелеріне мақтау қағаздары мен сыйлықтар табысталды.
КЛАРА ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.