Биғаш ауылдық округінде Наурыз мерекесі «Қош келдің, Наурыз!» атты мерекелік думан Маяковский негізгі мектебінде өтті. Мектептің іші сырты мерекеге сай безендірілді. Мектеп асханасында дәстүрлі наурыз көже пісіріліп, ауыл тұрғындарының ұйымдастыруымен әр көше дас-тархан жайды. Дастарханға қыстан қалған сүр ет, май, құрт тағы басқа ұлттық тағамдар қойылды. Ал, концерттік бағдарлама шымылдығын мектеп директоры С.Қалиев құттықтау жылы лебізімен ашса, ауыл тұрғыны Ж.Көпесов халыққа ақ батасын берді. Ақ жаулықты әжеміз Р.Саржанова жылы тілегін білдіріп, шашау шашты. Сонымен бірге, алтын алқа иегері көп балалы ана ауылымыздың береке-бірлігі нығая берсін, жаңа жыл жаңа бақыт, молшылық, табыс әкелсін деген ниетпен пәле-жаладан аршалап, шырақ жақты. Мерекелік концертті әр көше тұрғындары ұсынды. Спорттық жарыстан теннис және әйелдер, әжелер арасында қол күресі ұйымдастырылды. Жарыс барысында жеңімпаздарға арнайы демеушілер ұсынған сыйлықтар ұсынылды. Мереке соңы ауыл жастары үшін ұйымдастырылған думанды кешпен жалғасты.
Ж.Байсеңгірова,
клуб меңгерушісі
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.