Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көк желекті көктеммен бірге көңілге қуаныш сыйлай келетін аяулы аналарымыздың, әпкелеріміздің, қарындастарымыздың төл мерекесі – 8 наурыз мейрамын бәріміз асыға күтеміз.
5 Наурыз күні Самар мәдениет үйінде мерекелік жиын өтті. Бұл күні самарлық ер-азаматтар гүл, сыйлық дайындап, анасының, қарындасының, сүйіктісінің жүрегіне қуаныш сыйлауға асықты. Барша әйелдер қауымын 8 наурыз - Халықаралық төл мерекесімен Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары М.Теміржанов құттықтады. «Көктемнің шуақты күндеріндей нәзік жандардың жүздерінде қуаныш пен мейірім шапағаты төгіліп, әр адамның жанына шипа бола беріңдер», - деп тілегін білдірді. «Күннің шуағы – жылы, Ананың құшағы – жылы», – дегендей, дүниеде ананың балаға және барша азамзатқа деген мейірімі мен махаббатынан асқан құдірет жоқ. Ананың аялы алақаны мен жылы құшағын сезініп өскен сәбидің арманы не?!
Ақ жаулықты әжелер, ардақты аналар, қаракөз қарындастарға құттықтау сөздерін Самар ауылдық округінің әкімінің м.а К.Терин, мәслихат депутаты С.Жотабаев арнады - «Сіздер қашанда өздеріңіздің сыйлы, сүйікті, қадірлі екендеріңізді, өздеріңізсіз мына дүние бос екенін ұмытпаңыздар! Сіздердің үйлеріңізде әрдайым татулық, ынтымақ және молшылық орнасын!» Бұл күні дәстүр бойынша бірқатар еңбекшіл және ардақты қызметкерлер ауылдық округ әкімшілігің мадақтамасымен марапатталды, бағалы сыйлықтарға ие болды. Залда жиналған ханымдарға ауылдық округтің шаруа қожалықтары пен жауапкершілігі шектеулі серіктестігі басшылары барлық ер-азаматтардың атынан раушан гүлдерін табыстады, мерекелік жиналыс тамаша концертке ұласты.
Мереке қарсаңында ауылдық округінің қызметкерлері 85 жастан асқан еңбек және тыл ардагерлердің үйіне барып, көктем мерекесімен құттықтап, раушан гүлдерін, сыйлықтар табыстады. Қариялар ризашылықтарын білдіріп, ағынан жарылған тілектерін аямады.
Қанат АПСАДЫҚОВА

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз