Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Желтоқсанның 24 жұлдызы күні Жаңа жыл шыршасы Мәдениет үйіне келген қонақтарды ашық жүзді қарсы алды.
Бұл мерекені мүмкіншілігі шектеулі балаларға «Көкпекті ауданы арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» қызметкерлері ұйымдастырды. Бір тәулік бойынша қарлы боранды болған күндерге қарамастан, Самар ауылында тұратын 20-дан астам балалар мерекеге келді. Әлеуметтік қызметкерлердің қарауында болатын балалар әр түрлі жаңа жылдың киімдерін киіп, ән шырқады, ойын ойнады.
Шырша одан әрі қызықты болды. Карнавалдың жүргізушілері Л.Гебель және А.Ыхаймен бірге сиқырлы саяхатқа – ыстық Африкаға аттанды. Олар бір-бірімен африкандықтардай сәлем берісіп, Африкада тіршілік ететін неше түрлі аңдарды бейнеледі. Жаңажылдық ертегі ешқашан сиқырсыз болмаған. Осы жерде барлық жиналған балаларды сырлы фокустармен Сиқыршы мырза (А.Райхан) таңдандырды.
Келе жатқан 2016 жыл - Мешін жылын барлығы қызығушылықпен және қуанышпен қарсы алды. Жыл иесі кішкентай сайқымазақ маймылдарын өзімен бірге ала келді. Сонымен қатар, олар жалынды және әдемі би сыйлады.


Жиналған қонақтарды Самар ауылдық округінің әкімі С.Дүсіпов шын жүректен құттықтап, барлығына денсаулық, ырыс–дәулет, табыс тіледі. Ертегі кейіпкерлері - Аяз ата (Е.Амиров) және Ақшақар (Н.Томархан) балаларға жарқын әсер сыйласа, «Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» шығармашылық ұжымы балаларға керемет мереке ұйымдастырды. Әрбір бала өзін бақытты болып сезінді, өйткені әртүрлі ойынға, байқауға қатысуға мүмкіндігі болды. Жарқыраған шырша, айналаға қуаныш сыйлады, оның құрметіне балалар ән айтып, шыршаны айналып өтті, жаңажылдың сиқырына молынан бөленді. Мерекелік шарадан жақсы әсер алған балғындардың жүздері бал-бұл жанып, қуаныш сезімі төгіліп тұрды.
Мереке аяқталған соң, барлық балаларға тәттілер таратылды. Кәмпиттер мен банандар - Мешіннің ең сүйікті тағамы. Ауа райының қолайсыздығына байланысты Аяз атаның сыйлықтары біраз кешігіп қалды, бірақ мәртебелі Аяз Ата оларды көмекшілері қолына әкеліп берген соң, барлығыңа жеткіземін деп уәде берді.
Қанат АПСАДЫҚОВА

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз