Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Әкеміз Басқарбаев Тұрсын Әбішұлы 1916 жылдың 9 мамыр күні Күршім ауданына қарасты Камышинка ауылында дүниеге келген.

1941 жылы Күршім аудандық әскери бөлімшенің бұйрығымен Отан алдындағы борышын атқару үшін соғысқа аттанады.

1941-1943 жылы Сталинград түбіндегі шайқасқа қатысып, сол қолынан жарақаттанады. Шілде айына дейін жедел емдеу емханасында ем алады. Жарақатының ауырлығына байланысты ІІ дә-режелі мүгедектікпен әскери қыз-меттен запасқа шығарылады.

 

Туған жерге оралысымен Камышинка, Зеленое ауылында 30 жыл бойы қарапайым жұмысшы болды.

 Әкеміз туған ауылына оралған кезде өзінің өмірлік жары, біздің анамыз Күлзада Түйебаеваны кезіктіріп, отбасын құрды. Ата-анамыз соғыстан кейінгі қиын-қыстау жылдарға қарамастан, он баланы тәрбиелеп, аяқтан тұрғызды.

 Әкеміз қолдан алған жарақатын елеместен, үнемі еңбектеніп қана қоймай, бізді де еңбексүйгіштікке баулыды. Кез келген жағдайда өз жұмысына тиянақты да, адал бола білді.

Ал анамыз үйдегі он баланың  тәлім-тәрбиесін қадағалап, үй шаруасымен айналысатын. Бұл анамыздың әке және бала алдындағы парызы еді. Осының өзі үлкен еңбек. 

1972 жылы әкеміз отбасымен бірге Большевик совхозына көшіп келеді. Зейнеткерлік демалысқа шыққанша  осы  совхозда еңбек етті.

Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен  үшін әкеміз  «Ұлы Жеңіске 30, 40 жыл» медальдарымен марапатталды. «Ұлы Отан соғысы» алқасымен мадақталды.

1993 жылдың 10 ақпанында аяулы әке дүниеден өтті.

Біздің балалық шағымызды жиырма бірінші ғасыр балалар өмірімен салыстыру мүмкін емес. Көпбалалы отбасы болғандықтан, ата-анамыз еңбекке кеткен сәтте үлкеніміз кішімізге қарайласатынбыз. Ал, 12-13 жасқа толған кезден бастап, ата-анамызбен бірге еңбектенетінбіз. Міне, осылайша біз ата-анамыздың, еңбектің, қамқорлықтың арқа-сында ер жеттік. Ата-анамызға тағзым, мың алғыс!

Тәуелсіз, еркін мемлекетте тату-тәтті өмір сүруіміз сіздердің арқаларыңыз. Сіздер мәңгі біздің есімізде сақталасыздар! Ұмытпаймыз сіздерді!

 Сейітқан Басқарбаев

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз