«Ұлт жоспары - 100 қадам» - жаһандық және ішкі сын-қатерлерге қазақстандық жауап және сонымен бірге жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің от-ыздығына кіру жөніндегі жос-пары. Денсаулық сақтау саласында қандай қадамдар жасалу көзделіп отыр. -
Денсаулық қорғау саласын дамудың мүлдем жаңа деңгейіне көтеруді Президент үш қадаммен айқындады. Ең алдымен, міндетті медициналық сақтандыруды енгізу қажет деді Елбасы, сонымен бірге саланың қаржылық тұрақтылығын арттыруды мемлекет, жұмыс беруші және азаматтардың ынтымақтық жауапкершілікті қатысуымен жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының әр
азаматының ынтымақтық жауапкершілігі науқас пен дәрігер арасындағы өзара қатынаста туындайтын мәселені азайтуға мүмкіндік береді. Бұл арада алғашқы медико-санитарлық көмек көрсетуді қаржыландыруға басымдылық таныту медициналық көмектің сапасын арттыруға ықпал етіп, медицинада бұл көмектің ең қажеттілік сатысына көтеруге дейін жоғарылатады.
«100 қадам» бағдарламасында медициналық мекемелерді корпоративтік басқаруды енгізу нақты айтылған. Бұл қадамды жүзеге асыру мақсатында кешенді емдеу, мониторингтік, алдын алуға, аудиторлық, біліктілікті арттыру шараларына басымдық беріліп, ол еңбек жағдайын жақсартуға бағытталатын болады, яғни адамның денсаулығын жақсарту деңгейін көтеру, өмір сүру сапасын және жасының ұзақтығын арттыруға арналады.
Бәсеге қабілеттілік әрбір емдеу мекемесінің осал және мықты тұстарын анықтауға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде медициналық мекеменің тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсетуде басқа емдеу органдарына қарағанда өз әдісі мен емдеу технологияларының озығын және науқасты сауықтыруда ең озық емдеу әдісін пайдалана алатынымен ерекшеленеді. Науқасты қанағаттандыру – оның медициналық мекемемен арадағы қатынас жүйесінің қалыптасуы – аталмыш қадамның негізі болып табылады.
Меніңше, ең маңызды қадам - медицина қызмет сапасын анықтайтын Денсаулық қорғау және әлеуметтік даму министрлігінде бірлескен комиссия құру деп білемін. Оның басты мақсаты-медициналық қызмет көрсетуге медициналық стандарттардың ең озық үлгілерін енгізу болмақшы.
Сонымен бірге, мемлекеттік медициналық мекемелерді жекешелендіруді ынталандыру, кепілдік тегін медициналық көмек көрсету көлемін мемлекеттік емес ұйымдар арқылы ұлғайту ұсынылады. Меніңше бұл қадам денсаулық қорғау саласының емдеу жүйесін толықтай жақсартуға мүмкіндік береді.
Р.Сафиоллинова, Орталық
аудандық аурухананың бас дәрігері
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.