Әлемде метапневмовирустың таралуы туралы БАҚ-тағы соңғы жаңалықтарға орай келесіні хабарлаймыз. Мониторингке сәйкес эпидемиялық маусымның басында республика бойынша тұмауға қарсы емес вирустарға 8 мыңнан аса үлгі зерттелгенін хабарлаймыз. Оның ішінде парагрипп – 9%, риновирус – 36%, бокавирус – 6%, аденовирус – 12%, коронавирус – 11%, метапневмовирус – 1,6%.
Метапневмовирус – бұл көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда, ЖРВИ және тұмау ауруларының маусымдық өрлеу кезеңінде белсенді айналымда болатын, негізінен ауа-тамшы жолымен берілетін инфекциялардың басқа түрлерімен қатар айналымдағы классикалық вирустардың бірі.
Қазіргі уақытта Қазақстанда, бүкіл әлемдегідей ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылықтың маусымдық өсуі тіркелуде. Ағымдағы эпидемиологиялық маусымның басынан бері республикада ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың 20%-ға төмендеуі байқалады, тұмаумен сырқаттанушылық өткен эпидемиологиялық маусым кезеңімен салыстырғанда бұрынғы деңгейде қалды.
Халықты алдын алу шараларын сақтауға және адамдар көп жиналатын жерлерде байланыстарды шектеуге шақырады, бұл әсіресе созылмалы аурулары бар халықтың ең осал топтарына қатысты. Үй-жайларды үнемі желдетіп отыру, науқас адамдармен байланысын шектеу, оларды оқшаулауды қамтамасыз ету, тұмау және ЖРВИ белгілері пайда болған кезде балаларды үйде қалдыру және ұйымдасқан ұжымдарға (мектепке дейінгі ұйымдар, мектептер) жібермеу. Егер аурудың белгілері пайда болса, уақытылы медициналық көмекке жүгінген абзал.
Г.Абдрасулова
Көкпекті аудандық
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.