Қаңтар айының соңынан бері жылжымалы медициналық кешенге негізделген «Денсаулық керуені» Көкпекті ауданындағы ауылдарды аралап, тұрғындарды тексеруден өткізіп, медициналық көмек көрсетуде.
Көкпекті ауданында азаматтардың денсаулығын сақтау мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ауыл тұрғындарын медициналық тексеруден өткізуге арналған заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған жылжымалы медициналық кешен жұмысы жолға қойылған. Соның арқасында бірнеше жылдан бері әртүрлі елді мекендерде балалар мен жасөспірімдерді профилактикалық тексерулер, сондай-ақ ересектер арасында флюрографиялық, скринингтік тексерулер жүргізіліп келеді.
Медицина қызметкерлерінің көпсалалы бригадасының құрамында хирург М.Габдуллин, онколог-маммолог Н.Оспанова, терапевт Г.Заманбек, фтизиатр А.Алдажуманова, акушер-гинеколог және ультрадыбыстық дәрігер Г.Слямбекова, окулист дәрігерінің медбикесі Р.Аринова, ЛОР дәрігерінің медбикесі Ж.Базарбаева, акушер Ж.Баймадиева және рентгенолог Д.Нажмиев болды.
30 қаңтар күні Үлгілімалшы ауылында 500 адам тексеріліп, 21 адам аудандық ауруханаға қосымша тексеруге жіберілді,1 ақпанда Тассай ауылында 490 адам тексеріліп,23 адам қосымша тексеруге жіберілді. 6 ақпанында Теректі ауылы бойынша 340 адам тексеріліп, 24 адам қосымша тексеруге жіберілді, 8 ақпанда Преображенка ауылында 500 адам тексеріліп, 20 адам қосымша тексеруге жіберілді. Жылжымалы медициналық кешен Үлкенбөкен мен Көкжайық ауылдарын да аралауы керек еді, бірақ ауа-райына байланысты кейінге шегерілді.
Жылжымалы медициналық кешеннің техникалық мүмкіндіктерінің арқасында осындай сапарлар шеңберінде ауыл тұрғындарына медициналық көмек: флюорография, ЭКГ, зертханалық талдау-лар, мамандарды медициналық тексеру қолжетімді болды. Бұл азаматтардың денсаулығын сақтауға және нығайтуға ықпал етеді.
Күн жылынған соң «Денсаулық керуені» Шұғылбай, Мелитополь, Үкіліқыз, Толағай, Шәріптоғай, Биғаш,Ақой, Қарамойыл, Жансары, Ақтас ауылдарына баратын болды.
Е.И.Сорокина,
«Көкпекті аудандық ауруханасы» ШЖҚ КММ-нің
баспасөз хатшысы, эпидемиологының
мәліметі бойынша
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.