7 сәуір күні таңертеңгі сағат 10-ның кезінде Көкпекті ауылы Халық банкінің тұтынушылары еріксіз жас жігітпен болған қайғылы оқиғаның куәгерлері болды. Дәлізде тұрған ол аяқ астынан еденге құлап, мұрынынан және ауыз қуысынан қан кете бастады. Сол жерде тұрған барлық адам оған көмек қолын созуға асығып, «жедел жәрдем» шақырды. Алайда, орталық аурухана бір көшенің бойында жақын маңда орналасқанына қарамастан, олар тек жарты сағат өткен соң ғана келді. Жәрдем науқасқа «жеткенге» дейінгі мерзім ішінде біздің редакцияға ашынған 8 тұрғын қоңырау шалып үлгерді. Қоңыраулардың легі көмек келгеннен кейін де жалғасып жатты.
«Жедел жәрдемнің» фельдшері бізге олардың Заречный ауылындағы басқа шақыртуда болғанын жеткізе келе, тұрғындар тарапына науқасты «құтқару» олардың да қолдарынан келуі мүмкін екендігін айтып, наразылық білдірді. Айта кететіні, науқасқа алғашқы көмек көрсеткендер оқиға куәгерлері болып отыр. Олай болса, «жедел жәрдем» мен білікті медициналық қызметкерлердің керегі не? Кез келген қатардағы азамат қан кету немесе басқа да төтенше жағдай орын алғанда тиісті көмек көрсете алмайтынын жедел жәрдемнің қызметкерлері қаперінде сақтаса игі. Банктегі барлық тұтынушылар медициналық қызметкерлердің осындай жүріс-тұрысына және берген жауаптарына қатты наразы болды. Ал, біз оларға өз денсаулығымыз бен өмірімізді сеніп тапсырамыз. БІЗДІҢ «ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ» КӨМЕКТЕСЕДІ... ТЕК ЖЕТКЕН КЕЗІНДЕ. БІРАҚ, ОНЫҢ ҚАШАН ЖЕТЕТІНІ БЕЛГІСІЗ.
Рs: жауап күтеміз
Надежда ШАРОВА
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.