Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

27 сәуір күні Көкпекті өңіріне 150 доза мөлшерінде Ресейде шығарылған Гам-КОВИД-Вак («Спутник V») вакцинасының I компонентінің кезекті партиясы жеткізілді.
Біз кезекті рет Көкпекті ауданының ауруханасына барғанымызда, вакцинациялаудың жылдам өтіп жатқанына куә болдық.
- Кеше аудандық ауруханаға вакцинаның I компонентінің 150 дозасы әкелінді. Біз оны екі күнге қоюға жоспарладық. Солай болып шықты да. Кеше, 27 сәуірде 95 адам вакцина алды, бүгін 55 адам вакцинацияланды. Түстен кейін ревакцинацияның келесі кезеңі өтті. Екпені қолдаушылардың негізгі құрамын педагогтар мен зейнеткерлер құрайды. Айта кету керек, зейнеткерлер қазір вакцинацияның маңыздылығын жақсы түсіне бастады. Олар өздері қоңырау шалып, оларды кезекке жазуды сұрайды. Бұл - қуантпай қоймас. Бұл жағдайда аға буын өкілдерінің пікірі өте маңызды,-деді «Көкпекті аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК баспасөз хатшысы, дәрігер-эпидемиолог Е.И. Сорокина.


Көкпекті өңірінде вакцинациялау науқаны басталғаннан бері барлығы 625 адам егілді. Коронавирустан вакциналау екі кезеңде өтеді. Алдымен бірінші инъекцияны салдыру қажет, 21 күннен кейін екіншісін алуға болады. Екпе алуға жазылғандардың бәріне СМС жіберіледі, онда қай күні және қай уақытта екпе алатыны көрсетіледі.
Бүгінгі күн екпе алғандар қатарында тәртіп сақшылары да бар.
Жасұлан Болатұлы Разаев аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы, полиция ма-йоры:
Вакциналаудың І компонентінен өткен полиция қызметкерінің жағдайы жақсы.
-Бүгін мен Гам-КОВИД-Вак вакцинасының I компонентін алдым. Өзімді жақсы сезінемін, әзірге ешқандай жанама әсерлерді байқамаймын.
Аудандық полиция қызметкерлері мен учаскелік полиция инспекторлары алдыңғы шепте қызмет етеді және басқа саланың қызметкерлеріне қарағанда халықпен тікелей қарым-қатынаста болады. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін полицейлердің екпені дер кезінде қабылдауы да маңызды деп ойлаймын. Мен бәріне вакцина алуға кеңес беремін. Себебі инфекцияны жұқтырмаудың бірден бір жолы – екпе алу, - дейді учаскелік полиция инспекторы.
Көкпекті аудандық ауруханасы барлық ниет білдірушілерді дүйсенбіден жұма күндері аралығында сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін ресейлік Гам-КОВИД-Вак вакцинасымен («Спутник V») коронавирус індетіне қарсы екпе алу үшін емханаға шақырады. Екпе алу үшін 2-02-34 телефоны бойынша жазылуға болады.

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз