Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Медицина десе алдарыңызға не елестейді? Шприц, ақ халат, аурухана, медициналық эмблема, науқастар. Ал бұлар тек сырт көзбен қарағанда байқалатындар, ал оны жетік оқып, меңгерген адамға «медицина» сөзі ең асыл, қымбат, шексіз мағыналы сөз дер едім! Медбике - арыстандай айбатты, қыздай икемді, анадай мейірімді болуы керек деген ата - бабамыздың айтқан ұлы да ұлағатты сөздері бар. Медицинаның атасы Гиппократ: «Дәрігердің жүзі жылы, ұқыпты, киімі таза, қолдары жұмсақ, жағымды» болу керек деген екен ертеректе. Медбике тек оқумен ғана шектелмейді, медбике болу - ол да бір өнер! Осы ұғымдарды тереңінен қарастырар болсақ, ол сөздің мағынасы: арыстандай айбатты деген еш нәрседен қорықпайтын өзінің бойын қорқыныштың баурап алуына жол бермейтін деген мағынада, ал қыздай икемді деген өз ісіне байыппен, өз ісіне сеніммен қарай білетін жандар, ал анадай мейірімді деген науқастарға мейірімін төге білетін, өзінің анасы өзіне қандай мейіріммен қараса, ол да науқастарға сондай мейіріммен қарай білетін жандар деп ойлаймын. Егер осы аталған қасиеттердің барлығы мамандық иесінің бойынан табыла білсе, ол үздік медбике атанар еді. Сондықтан да менің ойымша медицина саласында оқудың өзі жылдар талап етеді. Әрине, адам өмірімен байланысты болғаннан соң, өмір бойы оқу және үнемі ізденіс үстінде болуы керек. Дәрігерлердің де, медбикенің де мойнына үлкен жүк артылады. Иә, айта кету керек, қазіргі кезде дәрігерлер жайлы жағымсыз әңгімелер, оқиғалар жетіп артылады. Дәрігерлерді қатыгез, жауыз ретінде де сиппаттап беретіндер баршылық. Сондықтан «медицина» ғылым саласын таңдамастан бұрын оны да ескере кеткенің абзал! Медбикелерге қойылатын жауапкершілік өте көп! Мен айтар едім, жақсы медбике болу үшін ең алдымен жауапкершілік болуы керек. Соған қарамастан мен осы мамандықты ойланбастан таңдадым.

Әлия Маутханқызы Малғаждарова,
Семей қ. №3 КММ ШЖҚ емханасының мейірбикесі

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз