Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес коронавирус пандемиясына байланысты тиісті шаралар қабылданып, наурыз айының 16-нан бастап елімізде төтенше жағдай жарияланды. Президент жүктеген міндеттерге сәйкес ауданымызда арнайы штаб жасақталып, штаб жұмысына аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаилов төрағалық жасайды.

Көкпекті ауданы бойынша коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі жедел түрде әрекет ететін арнайы жұмыс тобы өз жұмысын бастап кетті. Сонымен қатар, адамдар көп жиналатын іс-шаралар тоқтатылып, басқа жақтан келген адамдардың денсаулығы бақыланып, есепке алынатын болады.


Тұрғындарға әлеуметтік желілердегі кейбір жалған ақпараттарға сенбеу туралы айтылды. Аудан бойынша жағдайды тұрақты ұстау үшін кезекшілік кестесі бекітілді.
Ауданның кәсіпкерлік және туризм бөлімі сауда объектілерімен дезинфекциялық іс-шараларды өткізу туралы 246 шарт жасады. Сонымен қатар, бөлім қызметкерлері азық-түлік пен бірінші қажеттілік тауарларының бағасы мен тапшылығына жол бермеу мақсатында тұрақты талдау жүргізеді. Штаб мүшелері ауданның сауда орындарында азық-түлік тауарларын сатуды бақылайды: тауарлық қалдықтар анықталды, ал жеке кәсіпкерлермен негізгі азық-түлік өнімдерінің бағасын көтеруге жол бермеу туралы әңгіме жүргізілді.
Аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы да белсенді жұмыс жүргізуде. Қызметкерлер санитарлық-эпидемияға қарсы және дезинфекциялық іс-шаралардың сақталуын бақылауда ұстайды, сондай-ақ тұрғындар арасында коронавирустың алдын алу шаралары, коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және өңірде қабылданып жатқан шаралар туралы ауқымды санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізеді. Көкпекті ауданының ОАА-да дене температурасын жанаспай өлшеу үшін 2 тепловизор бар. Медициналық қызметкерлер науқастарды қорғаудың қосымша шараларын қабылдады: аурухана дәліздерінде антисептиктер орнатылды. Бұл бағыттағы жұмыстарға аудандық мәслихат депутаттары, «Nur Otan» партиясының Көкпекті аудандық филиалы белсенділері мен қоғамдық ұйым өкілдері де атсалысуда. Қалыптасқан жағдайға өңір халқы да ерекше түсіністікпен қарап, бекіген қауіпсіздік шараларын ұстануда.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ 

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз