Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақстанда коронавирустық инфекция жағдайы тіркелген жоқ. Қазақстан Республикасының ҰҚК Шекара қызметінің мәліметіне қарағанда, 6 қаңтар мен 29 ақпан аралығында ҚХР-мен мемлекеттік шекарадағы өткізу бекеттері арқылы Қазақстанға 32 456 адам келген. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ж. Бекшиннің 25.02.2020 жылғы №9 қаулысы негізінде Көкпекті ауданының ОАА 3 санатқа бөлінген келушілердің денсаулығына мониторинг жүргізу бойынша жұмыстар жалғасуда.

Карантиндегі адамдар Көкпекті ауданының тұрғындары арасында жоқ. Күн сайын Көкпекті ауданына Ресей Федерациясынан, Таиландтан келген азаматтардың денсаулық жағдайына мониторинг жүргізіледі. Ағымдағы жылдың 3 наурызындағы жағдай бойынша медицина қызметкерлерінің бақылауында 12 адам тұр. Барлық келгендердің денсаулық жағдайы қанағаттанарлық, коронавирустық инфекция белгілері жоқ.


Көкпекті ауданында барлық қажетті дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдар, обаға қарсы костюмдер бар, жұқпалы боксталған бөлімше бар, пациенттерді қабылдау және оларды уақытылы оқшаулау үшін емханаға кіре берісте фильтр-кабинет жұмыс ұйымдастырылды, онда температураның жоғарылауы және ЖРВИ-ның басқа да белгілері бар пациенттерді қабылдау жүргізіледі. 100% дәрігерлік және орта медициналық қызметкерлер дайындалды және аттестатталды. Жағдай Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында екенін атап өту қажет. Жаңа коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында келесі алдын алу шараларын ұстану қажет: - қолды және бетті сабынмен жиі және мұқият жуу; - қолға спирттік антисептиктерді пайдалану; - адамдар көп жиналатын жерден аулақ болу; - науқас адамдармен қарым-қатынас жасамау; - суық тию белгілері пайда болған жағдайда (дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) тұрғылықты жері бойынша дәрігерге бару қажет.
Ресми ақпаратпен Сіз сондай-ақ денсаулық сақтау министрлігінің Facebook желісіндегі парақшасынан оқып таныса аласыз. Туындаған сұрақтармен тәулік бойы Call-орталығына 1406 нөмірі бойынша хабарласыңыз.

Виктория ГАРМАШОВА

(Көкпекті АОА баспасөз  хатшысының ақпараты бойынша, дәрігер-эпидемиолог Е. И. Сорокина)

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз