Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және «АИТВ/ЖИТС туралы барлығы» ұлттық бағдарламасын өткізу мақсатында ағымдағы жылдың 27 қарашасында Көкпекті ауданының ОАА – да «өз статусыңды біл!» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына Көкпекті аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының жетекші маманы Г.Абдрасулова және Н.Жадрина, Көкпекті аудандық орталық мешітінің наиб имамы К. Ахметқалиев, Көкпекті ПБ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы, полиция майоры Н.Г.Кусаинова, Көкпекті ауылдық округі әкімдігінің жетекші маманы А.Деринг, жастар орталығының маманы А.Б.Асылханова, аудандық орталық аурухананың дәрігерлері қатысты.

 

ШҚО және Көкпекті ауданы бойынша АИТВ/ЖИТС аурушаңдығы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының жетекші маманы Н.Жадрина баяндама жасады. Ол атап өткендей, Шығыс Қазақстан облысында тіркелген АИТВ жұқтырғандардың жалпы саны 1 қазанға 4246 адамды құрады. 2019 жылдың 9 айында Өскемен және Риддер қалаларының, Шемонаиха, Глубокое аудандары мен Алтай ауданының тұрғындары арасында АИТВ жұқпасының ең көп саны тіркелген. Ресми мәліметтер бойынша Көкпекті ауданында АИТВ жұқпасының 9 жағдайы тіркелген. 

Дәрігер-инфекционист М.И.Тойшибаева қауіп-қатер топтары, жұқтыру жолдары, зерттеу жолдары, АҚТҚ және ЖҚТБ клиникасы туралы айтып берді.   Жұқтырудың алдын алу шаралары туралы Көкпекті АОА СӨС дәрігері О. В. Дериглазова баяндады. АҚТҚ жұқпасы түбегейлі емделмейтіндіктен, оның таралуына қарсы күрестегі басты құрал - алдын алу, жаңа жұқтырудың алдын алу болып табылады.

АИТВ жұқтырғандарға қатысты кеңес беру және психологиялық қолдау талқылау үшін өзекті тақырыптар болды. Өкінішке орай, АИТВ-мен байланысты стигма осы вирусты өмір сүретін адамдардың өмірінің барлық салаларына енеді. Ол АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға, олардың отбасыларына және АИТВ-инфекциясының індетіне қатысы бар барлық қалғандарға зорлық-зомбылық жағынан көрінеді. Денсаулық - бұл аурулар мен дене кемістіктерінің болмауы ғана емес. Денсаулық - бұл толық физикалық, жан-жақты және әлеуметтік әл-ауқаттың жағдайы. Кемсітушілік проблемасы АИТВ адамның әлеуметтік әл-ауқаты мен психологиялық жай-күйіне тікелей әсер етеді. Кемсітушіліктен еркіндік адамның негізгі құқығы болып табылады, бұл құқық адамдарға туудан тән және әлемдегі барлық адамдарға қатысты. Бұл мәселелерді қоғам ғана емес, мемлекет де кемсітуді болдырмайтын шаралар қабылдауы қажет.

Дін туралы ақпарат алу үшін дөңгелек үстелге наиб имам К.Ахметкалиев шақырылды. Кенжебек аға тұрғындардың өз баласына тиісті көңіл бөлу, оған моральдық құндылықтар мен пайдалы әуестіктерді дарыту керектігін айтты. Балалардың дұрыс ұйымдастырылған бос уақыты оларға зиянды әдеттермен әуестенуге немесе жөнсіз өмір салтын ұстануға мүмкіндік бермейді.

Көкпекті ПБ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы полиция майоры Н. Г. Кусаинова жасөспірімдер арасында құқық қорғау органдарымен жүргізілетін нашақорлықтың алдын алу іс-шараларымен таныстырды.

Одан әрі барлық қатысушыларға АИТВ-статусын анықтау үшін экспресс-тест тапсыру ұсынылды. Ол саусақтан қан алу және оны аспаптарға орналастыру болды. Бұл әдістің артықшылығы қысқа уақыт ішінде нәтижеге дайындық болып табылады.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар пікір алмасып, кездесу барысында көтерілген мәселелерді талқылады. Көкпекті АОА-ның СӨСҚ дәрігері О.В.Дериглазова АИТВ жұқпасының және оның алдын алу тақырыбы қоғамдық массаларды кеңінен тарта отырып, жиі талқылануы тиіс деп атап өтті. Көптеген адамдар бұл мәселеге немқұрайлы қарайды. Алайда статистика қайғылы оқиғалардың жиі орын алатынын көрсетеді. Өзінің және жақындарының денсаулығы туралы ойланып, «сақтықта қорлық жоқ» деген сөзді еске түсіруі керек. АҚТҚ жұқтырудың алдын алу шаралары мектеп жасындағы балаларға түсіндірілуі тиіс. Бұл қиын, бірақ ең алдымен ата-аналардың, содан кейін оқу орнының иығына түсетін өте жауапты міндет осы.

Медицина дамуының қазіргі кезеңінде бұл ауруды толығымен емдеуге қабілетті дәрі жоқ. Алайда АИТВ-ны дер кезінде емдеуді бастағанда вирустың жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромының дамуына көшкен сәтін ұзақ уақытқа жылжытуға болады, демек, науқастың қалыпты өмірін ұзартуға болады.

Ауруды емдеуден гөрі алдын алу оңай. Бақытымызға орай, бұл сырқат тұрмыстық, ауа-тамшы жолмен берілмейді, оны жәндіктер таратпайды. АИТВ-ның барлық берілу жолдары жақсы зерттелген. Алғашқы алдын алу, атап айтқанда ауру туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету инфекцияның таралуына әсер етудің негізгі әдістерінің бірі болып табылады. Жұқтырылған ауруды емдеуден гөрі АИТВ жұқтырудан аулақ болу оңайырақ екенін есте сақтаған жөн.

Виктория ГАРМАШОВА 

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз