Елімізде тұрғындар арасында спортты насихаттау мақсатында «Денсаулық фестивалі» өткізіліп келеді. Мақсат жұртшылықтың, бұқара халықтың назарын денсаулықты сақтау мен нығайтуға, салауатты өмір салтын ұстануға әр азаматтың ортақ жауапкершілігіне аудару. Расында да, қанатын кеңге жайған «Денсаулық фестивалi» акциясы жылдан-жылға өркендеп, шынайы Денсаулық мерекесiне айналып келедi. Салауатты өмiр салтын қалыптастыру мақсатына орайластырылған iс-шаралардың орындалуы «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасының жүзеге асырылуының нақты дәлелi болса керек.
Өкінішке орай, Көкпекті ауылында өткен «Денсаулық фесивалінде» осын-дай жауапкершіліктің иісі де шықпады. Дегенмен мәдениет үйінің жанындағы «Ұлы дала алаңына» тек екі мектептің оқушылары мен ұстаздары халықтың қарасын көбейтті. Олар фестиваль аясында ұйымдастырылған спорттық шараларға белсене қатысты.
Сондай-ақ, шарада аудандағы бірқатар дербес бөлімдер, атап айтсақ, Көкпекті ауылдық округі, Балалар өнер мектебі, орталық аудандық аурухана, Жастар орталығы, «Балерке» балабақшасы, мұрағаттың ұжымы болды. Ал қалған бөлімдер ұйымдастырушылар тарапынан жіберген хатқа белгілі себептермен немқұрайылық танытқан. Аудандық спорт бөлімінің ұйымдастырумен өткен дәстүрлі шара биыл да жалғасын тапты.
Шараны ашқан Көкпекті ауылдық округінің әкімі Қайрат Алғазыұлы мерекеге қатысушыларды құттықтап, оларға сәттілік тіледі. - Құрметті мерекеге жиналған жастар, ауыл тұрғындары! Өздеріңіз жақсы білесіздер, жыл сайынғы дәстүрге айналған «Денсаулық фестивалінің» басты мақсаты денсаулықты сақтау мен нығайту, дұрыс тамақтану тәртібін сақтау, зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру болып табылады. Денсаулық әр адам үшін ең маңызды әрі басты байлық саналады. Сондықтан аталмыш акцияның көмегімен біз жастарға деніміздің сау болуы тек қана өзімізге байланысты екенін ұғындырғымыз келеді. Жалпы, жастарға айтарымыз денсаулықтарыңызды жас күннен күтіп, зиянды әдеттен аулақ болып, салауатты өмір сүруге талпыныңыздар! Баршаңызға зор денсаулық, жақсы көңіл-күй тілеймін, - деді ауыл әкімі. Мерекелік іс-шара барысында түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылды.
Алдымен алаңға жаяу жүгіруден 50-60 жас аралығында ардагер спортшы Серік Тілебалдин, ауыл әкімі Қайрат Алғазыұлы, спорт бөлімінің маманы Сәбит Теміржанов бастады.
«Саламатты сандарға қол жеткіз!» ұранымен өткен акцияға келгендерге орталық алаңында «Денсаулық» қалашығы ұйымдастырылып, тұрғындар арнайы дәрігер мамандардың кеңестерін алып, тегін диагностикалық тексерулерден өтті. Дәрігерлер тұрғындардың қан қысымын өлшеп, қандағы қант пен холестерин мөлшерін анықтады. Акция соңында жарыс жеңімпаздары Көкпекті ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының атынан алғыс хаттар мен сыйлықпен марапатталды.
Серік Асырандыұлы Тілебалдин, ардагер спортшы:
- Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Халықтың дене шынық-тырумен және спортпен жаппай айналысуы үшін спорттық нысандардың қолжетімділігін кеңейту қажет» деп айтқан болатын. Бұл әрине өте ауқымды шара, өкінішке орай шара ұйымдастыру барысында қатысушылардың аздығы қатты қынжылтады. Спорттық сайыстарға тек мектеп оқушыларын ғана қатыстырмай, ауыл жастары қатысса жақсы болар еді.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.