Елбасы бір сөзінде: «Ел дамуының жаңа кезеңіндегі мемлекеттік саясаттың бір бағыты медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту және денсаулық сақтаудың жоғары технологиялық жүйесін дамыту болуы керек», – деген еді. Ұлт денсаулығы – табысты болашақтың негізі, бақытты өмірдің кепілі. Сондықтан денсаулық сақтау жүйесін ұзақ мерзімді жаңғырту бағдарламасындағы басым бағыттардың бірі еліміздің барлық аумағында сапалы және қолжетімді медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады.
Скринингтік тексеру аурудың бас-тапқы кезеңін дер уақытында анықтауға әрі асқындырмауға және жүйелі ем қабылдауға мүмкіндік береді. Осы орайда Көкпекті ауданының орталық ауруханасының медстатист маманы Жанар Әйкенқызы Ахметовамен әңгімелескен едік.
- Скринингтік тексерулер елімізде 2002 жылдан бастап қолға алынды. Тексерудің бұл түрі жүрек-қан тамыр, жатыр мойыншығы аурулары мен сүт безі қатерлі ісігі, глаукома, тоқ ішек пен тік ішектегі қатерлі ісік секілді аурулардың алдын алу үшін жүргізіледі. Қазір скринингтік тексеру шаралары облыста, аудандарда кең көлемде жүргізіліп жатыр. Біздің орталық аудандық аурухана арнайы бекітілген жоспар бойынша жұмыс жүргізуде. Жұмыстың мақсаты - ауруды ерте кезеңде анықтау және алдын алу. Нәтижесінде жүрек-қан тамырлары, онкологиялық, туа пайда болған патологиялық аурулар ерте анықталады. Сондықтан, аудандық емханаларда скринингтік қабинеттер жұмыс істейді, - деді Жанар Әйкенқызы.
Сонымен қатар, скринингтен өту үшін әр адам тұрғылықты мекен жайына қарасты емханаға баруы тиіс. Өзіңіз тіркелген емханаға скринингтік тексеруден өткіңіз келетінін айтуыңыз керек. Егер сіздің жасыңыз 30-да болса, жатыр мойыншығы обыры мен жүрек- қан тамыр жүйесінің ауруларын тексеруден өте аласыз. Скринингтік тексеру екі деңгейде қарастырылады: 0-17 жасқа дейінгі балалар мен 30 жастан бастап ересектер.
Скрининг – бұл сау адамдардың жас ерекшелігіне қарай қауіп факторларын және ауруларды алғашқы сатыда анықтау үшін өткізілетін профилактикалық медициналық тексеріс. Скрининг ауруды ерте анықтап, емдеудің нәтижесін арттырып, асқынулардың алдын алады. Бұл тексерулер жүрек-қан тамыры ауруларын, қан диабе¬тін, глаукоманың және олардың қатерлі факторларын анықтауға, инсульт, инфаркт, соқырлықтың алдын алуға және оларды дер кезінде емдеуге мүмкіндік береді.
1. Жүрек-қан тамыр аурулары мен қант диабетін алдын ала анықтау үшін антрометриялық өлшемдер (бойы, дене салмағы, бел шеңбері), қан қысымын өлшеу, қандағы холестерин мен глюкозаның деңгейлерін анықтау 40 жастан 70 жас аралығындағы ер және әйел адамдар арасында жүргізіледі. Көрсетілімдері бойынша: электрокардиография түсіріліп және кардиолог, эндокринолог маманы қарайды. Қандағы қант пен холестеринді анықтау аш қарында жүргізілетінін ескертеміз.
2. Глаукома (су қараңғылық) ауруын алдын ала тексеру үшін 30 жастан 70 жас аралығындағы ер және әйел адамдардың көзінің қан қысымын өлшейді. Көрсетілімдері бойынша көз дәрігері қарайды.
3. Жатыр мойынындағы патологиялық өзгерістерінің жоқтығына көз жеткізу үшін 30 жастан 70 жас аралығындағы әйелдерге жатыр мойыны сүрітіндісінің цитологиялық зерттелуі жүргізіледі. Көрсетілімдері бойынша: акушер-гинеколог маманы қарап тексеруі тиіс.
4. Сүт бездерінің патологиялық өзгерістерінің жоқтығына көз жет-кізу үшін 40 жастан 70 жас ара-лығындағы әйелдерге сүт бездерінің рентгенологиялық зерттелуі (маммография) жүргізіледі. Көрсетілімдері бойынша: маммолог пен онколог маманы қарап тексеруі қажет.
5.Тоқ ішек пен тік ішек ауруларын ерте анықтау үшін 50 жастан70 жас аралығындағы ерлерге және әйелдерге нәжісті жасырын қанға зерттеу жүргізіледі. Көрсетілімдері бойынша: ішектің эндоскопиялық зерттелуі (колоноскопия) жасалады.
Обыр ауруының туындауына себеп болатын патологиялық өзгерістердің жоқтығына көз жеткізіп, ісіктің дамуының ерте сатысында анықтау үшін төмендегі скринингтерден өту керек. Обыр (рак) ауруы өлім жағдайларының жоғары көрсеткіштерінің себепшісі. Обыр – бұл емделетін ауру. Қатерлі ісік неғұрлым ерте анықталса, соғұрлым обырдан толықтай емделіп шығу мүмкіндігі артады.
Скринигтік тексеріс тегін медициналық көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемі тізіміне кіреді және тіркелген мекен жайы бойынша медициналық ұйымдарда жүргізіледі. Профилактикалық жұмыс-тарды сауатты ұйымдастырған жағдайда ерте сатыдағы аурулардың алдын алуға болады. Сондықтан өз денсаулығын уайымдайтын әр тұрғын скринингтік тексерістен өткен жөн.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.