Мамай ауылындағы Амангелді орта мектебіңде 17 қараша күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында отбасы мен мектеп арасындағы байланыс, отбасының берекесін, спорттық белсенділігін нығайту мақсатында аудандық аймақтық «Үлкен ел-үлкен отбасы» тақырыбында отбасылық-спорттық сайыс өтті.
Сайысқа Көкжайық орта мектебінен - Каримбаевтар «Қыран» тобы, «Абай атындағы бала-бақша кешенінен» «Жігер» тобы-Күшеровтар отбасы, Шұғылбай ауылдық округі «І.Жансүгіров атындағы орта мектебінен» «Шапағат» тобы-Рақымжановтар отбасы, «Аманкелді атындағы орта мектебінен» «Арлан» тобы-Макишевтар отбасылары 7 турдан тұратын сайысқа түсіп, өз шеберліктерін көрсетті. Сайыс өте қызықты, тартысты өтті. Сайыс барысында спорттық жарыстан басқа ата-аналар бала тәрбиесіне байланысты ситуациялық жағдаяттарды шешіп, бала тәрбиесіне қосып жүрген үлестерін ашық жеткізе білді. Сайыстың қорытындысында әділқазылар шешімі бойынша «Өнерлі отбасы», «Көңілді отбасы», «Ұйымшыл отбасы», «Берекелі отбасы» аталымдарын иелеген отбасылар көңілді тарқасты.
Айман Салимова, директордың
тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.