Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Бүгінгі таңда қазақстандықтар үшін елімізде көптеген игі шаралар атқарылуда. Солардың бірі «Денсаулық жолы» акциясының өткізілуі. Бұл тұрғыда біздің аудандық ауруханада атқарылып жатқан жұмыстар мен қолға алынған шаралар аз емес. Соның бірі – Елбасы белгілеген «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру. Осы тақырыпта аудандық орталық аурухана басшысының орынбасары Әсем  Төлеуғазықызымен әңгімелескен едік.

 -Барлық ауылдар заманауи диагностикалық аппаратуралармен жабдықталмаған,  мамандар мен кадрлық проблемалар да бар. Ауыл тұрғындары дәрігерге қаралу үшін ауданға, кейде тіпті облыс орталығына баруға мәжбүр. 2011-2015 жылдарға арналған осынау «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іс жүзінде жүзеге асырудың маңызы аса зор.Орталық аудандық  аурухана  басшысы Рауфа Сафиоллинованың бастамасымен аудан әкімі, орталық аурухана және Семей қаласындағы Клиникалық Диагностикалық орталықпен бірлесе отырып, үш жақты келісімшарт жасалды.Осы арқылы жұрт арасында әлеуметтік зауал болып отырған туберкулез, обыр яғни, қатерлі ісік, сусамыр, асқазан аурулары, нерв жүйесінің арулары, жүрек -қан тамырларның аурулары секілді факторлардың жолын кесу көзделуде.Осындай мақсатта ең алдымен ауыл тұрғындарының профилактикалық – медициналық тексеруден өту (скрининг) белсенділігін арттыруға күш салынуда. Бұл ретте денсаулық сақтау басқармасы алға қойған міндеттерді басшылыққа ала отырып, облысымыздағы 14 ауданның тек екеуін Жарма және Көкпекті аудандарын жылжымалы медициналық кешен аралап шықты. Өйткені біздің аудан мен Жарма ауданы ғана Диагностикалық орталықтан ауыл тұрғындарының денсаулығын сақтау мен нығайту мәселесіне сонымен қатар,  әлеуметтік мәні бар аурулардың алдын алу мақсатында мамандарды шақыртқан болатын. Дәрігерлер жоғары білікті мамандардан жасақталған бригадалардың алыс ауылдарға жасап отырған бұл сапары - ауыл тұрғындарына, басқа жаққа бармай-ақ, кеңестер алуға мүмкіндік беретінін атап көрсетуде. Медициналық бригаданың құрамында эндокринологтар, акушер-гинекологтар, хирургтар, онкологтар мен узиолог, неврапотолог сияқты облыстық салауатты өмір салты орталығының мамандары және үш лаборант болды. Лаборанттар компьютерленген механизімдердің арқасында сараптама қорытындысын жылдам әрі сапалы дайындап отырды.Сөйтіп, жылжымалы медициналық кешен Орталық аудандық ауруханада «Денсаулық жолы» акциясы аясында 11-18 тамыз аралығында профилактикалық тексеру жүргізді. Сонымен 5 күн ішінде скрининг тексеруін жүргізу барысында 800-ден астам тұрғын тегін медициналық көмек пен кеңес алды. Акушер-гинеколог күн сайын 40-қа жуық адамды тексерді. Ал,узиологтан 130-145 тұрғын келіп тексеруден өтті. Ауруханадағы осындай акция  кезіндегі шығынды толығымен денсаулық сақтау Министрлігінің төлейтінін есте ұстаған жөн. Демек, емделуші тексерілуден өтіп, ем қабылдағанда өз қалтасынан ешқандай қаржы шығармады.Тағы да бір айта кететін басты мәселе азаматтарды әлеуметтік қорғау басты назарда болғандықтан, зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар, көп балалы аналар ең алдымен кезектен тыс тегін қаралды.

 Игі іс алдағы уақытта да жалғасын таппақ. «Денсаулық жолы» акциясының  ауыл халқы үшін пайдасы өте зор. Өйткені, ауыл тұрғындарына  медициналық тексерістен өтуі үшін облыс орталығына бармай-ақ, жергілікті жердің өзінде қаралуына мүмкіндік туады. 

Сандуғаш Қажыомарова

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз