Көкпекті өзенінің көркем жағасына орналасқан Кұмар Раев атындағы балалар үйінің «Балдәурен» демалыс лагерінде жасөспірім судан құтқарушылардың дәстүрлі жарысы болып өтті. Осы жолы жарыс суға еркін жүзуден 25 метрге, зардап шегушіге медициналық көмек көрсету және оны тасымалдау, берілген қашықтықта су астына сүңгу, құтқару шеңберін және Александаров түйінін лақтыру, манекенді судан алып шығу, арқан тартысу сынды бәсекелерден құралды. Жарыста 4 команда өзара бақ сынасты. Атап айтқанда, олар Көкпекті және Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектептері мен Құмар Раев атындағы балалар үйінің намысын қорғаған 2 команда.
Жарысты өткізудің басты мақсаты - балаларды дене шынықтыру және спортпен айналысуға тарту, саламатты өмір сүру салтын насихаттап, темекі тартудың алдын-алу шараларын жүргізу.
Бірінші болып суда жүзуге шыққан 1998 жылғы ұлдар арасынан құтқарушылардың білікті жаттықтырушысы Каршыға Тыныбаев дайындайтын командасы, яғни Құмар Раев атындағы балалар үйінің тәрбиеленушілері өз мықтылықтарын көрсетті.Зардап шегушіге медициналық көмек көрсету және оны тасымалдау барысында осы су қоймасы иелерінің екінші командасына ешкім қарсы тұра алмады. Ж.Шайжүнісов атындағы мектептің жаттықтырушысы Мүсрат Құмашевтің тәрбиеленушісі А.Талғатқызы шиеленіскен күресте судан манекен алудан жеңіп шықты.Құтқару шеңберін және Александаров түйінін лақтырудан Шыңғыс Шалбаевтың шәкірті, яғни Көкпекті орта мектебінің оқушысы Д.Макароваға тең келер қарсылас табылмады.
Жарыс қортындысы бойынша бірінші орынды – Құмар Раев атындағы балалар үйінің бірінші командасы алды. Екінші орынды – Көкпекті орта мектебінің оқушылары алса, үшінші орын Ж.Шайжүнісов атындағы және Құмар Раев атындағы балалар үйінің екінші командаларына берілді. Жеңімпаздарға Дамир Мирзасов, Қанат Тілебалдин және «Шынар» дүкені ұжымы дайындаған сыйлықтар тапсырылды.
Атаулы іс-шараны спорт күніне орай дайындап, әдістемелік жағынан сауатты өткізгендері үшін М.Құмашев, Ш.Шалбаев, Қ.Тыныбаевтарға аудандық білім беру бөлімінің мақтау қағаздары табысталды.
С.Тлебалдин, ҚР ТЖМ ТЖД СҚҚ-нің оқыту және алдын-алу жұмыстары жөніндегі әдіскері
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.