Шығыс Қазақстан облысы нарықтарына ағымдағы жылы импорттық жемістердің карантиндік нысандарменәкеліну мәселесі орын алуда.
Қысқа мерзімде: 20 қыркүйектен 26 қазанға дейін облысқа Өзбекстан мен Қырғызстаннан 10 партиялық анарларжәне құрмалар тиелген, жалпы салмағы 5,13 тонналық, Комсток сымырын жұқтырған жемістер келіп түсті. Кішкентай зиянкестер - карантиндік нысан болып табылады, оны көру өте қиын, ал дернәсілдері мүлдем көрінбейді. Жәндіктерді тек зертханалық жағдайда микроскоп астында анықтау мүмкін. Оған тән ерекшелік - Комсток сымырымен жабылған ақ жүн тәріздес балауыз.Дернәсілдер мен ересек аналықтың өсімдіктергеқатты қаупті зиян келтіреді, олар жас бұтақтарды, жапырақтарды, бүршіктерді сорып алу арқылы өсімдіктердің өсуін кідіртуге әкеліп соқтырады. Ұрғашы жәндіктер өте өсімтал, олар бір ұрпақта 300 дана жұмыртқа салуға дейін қабілетті. Жұмыртқасын өсімдік жемістеріне, сондай-ақ түскен жапырақ астына және ағаш қыртыстарына салады.
Зиянды сымырдың колониясы бақша екпелерне елеулі залалын тигізеді:өрік, алма, алмұрт, жүзім, қарбыз және көптеген басқа да өсімдіктерге үлкен зиян келтіруі мүмкін. Ұсақ қанатсыз зиянкестің рационына 300-ден астам ағаш түрлері, бұталар, көкөніс және бақша дақылдары кіреді.
Қазіргі уақытта уәкілетті органдар карантиндік өнімдердің импортына мониторинг жүргізіп жатыр, бірақ бірқатар себептер бойынша нарықтарға және супермаркеттерге келген өнімдердің бір бөлігін ғана қарастырады. Жиі мындай сұрақ койылады: Қазақстан аумағына сымыр қалай қауіп төндіре алады? Қауіпі бар, өйткені қалада және одан тыс жерде жәндіктермен ластанған жемістердің тіпті бір қорабы таралу көзі бола табылады.
Бұл зиянкес жемістермен пәтерге түскен кезде, бөлме өсімдіктеріне атап айтқанда азалия, аспарагус, кактус, лимон, пальмалар, фуксия және кейбір басқа да өсімдіктерге өте жақсы бейімделе алады.Ал көктемде «кездейсоқ»саяжай учаскесіне көшеттермен апарылады, содан кейін бау-бақша дақылдарын жұқтырады. Сымырдың ерекшелігі - жәндіктер өте жылдам жүгіреді және кез келген жаста жақсы қозғалады.
Тағы бір қауіп бар: қыста тіпті залалданған жеміс-жидектер немесе қабығы қоқыстарға түскен кезде де дернәсілдері жойылмайды. Күн жылынып кетсе, олар бірден топыраққа түседі, жаңадан туылған жәндіктер жем-шөп өсімдіктеріне шығады.Сонымен қатар, жәндіктерді жабатын ақ балауыз жабыны және аналықжәндіктердің жұмыртқа салатын ақ балауыз оларды судың зақымдауынан сенімді қорғайды.Бұл ерекшелігі зиянкестермен күресуді өте қиын етеді.Әрине, арнайы мамандандырылған дүкендерде Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген жүйелік инсектицидтерді сатып алуға болады, мысалы, «Ақтеллик 500», «Би 58».Олардың жаппай көбеюін тоқтату өте қиын және үлкен қаражатты қажет етеді.
Қазіргі таңда облыс нарықтарында шырынды, дәмді құрмалар сатылуда, оларда Комсток сымырын жұқтыру қаупі бар.Сондықтан карантиндік нысанға қарсы тиімді алдын-алу шаралары:қала базарлар мен дүкендерде сатып алынған жемістердітексеру, ал маусымаралық кезеңде бақша учаскесіндегі өсімдіктердітұрақты және мұқият тексеру, карантиндік зиянкес құрғақ жерлерде тіршілік етуді артық көреді, ал ылғалды жерде тіршілшік ете алмайтынын есте сақтау.
Айта кету керек, халықтың денсаулығы үшін карантиндік нысан қауіп төндірмейді, ал тамақ гигиенасы туралы мәселеге әр адам өзі үшін шешім қабылдайды.
Губарева Наталья Сергеевна , Шығыс Қазақстан облыстық карантиндік зерханасы, ҚР АШМ АӨК МИК «Республикалық өсімдіктер карантині орталығы зертханасы» ММ филиалының директоры
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.