«Мал-жан аман ба?» - деп, жанынан бұрын малының саулығын сұрайтын халқымыз төрт түлігінің қамын ойлауды бүгін де ұмытқан жоқ. Ауыл шаруашылығы алшаңдай бас-ып, сүтті мал шаруашылығын басымдық еткен ауданымыз үшін сапалы әрі жоғары деңгейлі ветеринарлық қызметпен қамту кезек күттірмейтін мәселе. Аудан басшысы Р.Сағандыковтың басшылығымен өткізілген ветеринарлық қызмет өкілдерінің семинар-кеңесі саланың маңыздылығын тағы бір мәрте айшықтай түскендей.
Ветеринариялық қызмет бұрынғы жыл-дардағыдай бәсекелестік ортаға берілмей, ауданда құрылған «Көкпекті мал дәрігері» мамандарының күшімен жүзеге асырылады. Осы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның құрылуы аудандағы ветеринария мамандарының жұмысына жаңа серпін, күш-жігер берді.
Мемлекеттік тапсырыс бойынша атқарылатын ветеринариялық алдын-алу шараларынан басқа, мал иелерінің шақыртуы бойынша, ауырған малдарды емдеу, өлген малдардан сынамалар алып, зертханаларға жіберу, ауылшаруашылық малдарын бірдейлендіру, ауру малдар тұрған орындарды немесе мал иелерінің өтініші бойынша қора-жайларды залалсыздандыру, тағы басқа да ветеринарлық-санитарлық шараларды атқару оларға жүктеліп отыр. Әр кәсіптің өзіндік бір жеңіл, ауыр тұстары болады. Сырт көзбен қарағанда, оңай көрінетін ветеринарлық қызметтің де мойнына артқан жүгі жеңіл емес. Барлық үй жануаларын үнемі қадағалап, қауіпті аурулардың алдын алу, оның жолын кесу де үлкен жұмыс. Ветеринарлық қызмет немқұрайлылықты көтермейді. Өкінішке орай, әрбір ауылдық округте сапалы ветеринарлық қызмет атқарылады деуге келмейді. Осы мәселелерге басты назар аударған «Көкпекті мал дәрігері» директоры Т.Сарманов ветеринарлық қызметтің атқарған жұмысын қорытындылап, алдағы міндеттерді айқындады.
Аумақтық инспекция басшысы С.Мұқашев саладағы бірізділік пен шешім қабылдау жылдамдығының, уақытылы есептің жоқтығына қынжылыс білдірді. «Біз бұл мәселені үнемі айтамыз. Жіберілетін кемшіліктер біртұтас, айқын. Бірақ, іс жүзінде сол кемшіліктер қайталанып отыр», - дейді Сләмбек Насырбайұлы.
Кеңесті қорытындылаған аудан әкімі нақты міндеттер жүктеді. Әрбір ауылдық округте міндетті түрде ветеринарлық пункт болуы керек. Ай сайын ауладағы мал басының есебі жүргізіліп, мал қозғалысы үнемі қатаң бақылауда ұсталады. Үлгілімалшы, Көкжайық округтерінде мал қорымы жоқ. Самар, Көкжайық, Қ.Аухадиев атындағы округтер мал сою алаңының жұмысын қамтамасыз ете алмауда. Мариногорка, Самар, Құлынжон округтерінде арнайы мал қамау орыны салынбаған. Аталмыш округ әкімдеріне ескерту жасалып, кемшіліктерді шұғыл жою тапсырылды.
Сонымен бірге, алдағы уақытта қызметін бас-тайтын ветеринария дербес бөлімінің міндеттері мен мақсаттары түсіндірілді. Қарап отырсақ, бізде бәрі бар. Тек осы істі бір жүйеге салу, тиімді басшылық ету жетіспей тұрған сынайлы. Олай болса, жаңадан құрылатын бөлімнің басты мақсаты да үйлестіру болмақ.
Дархан БЕРДІБЕК
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.