Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

5 наурыз күні Абай облысының әкімі Берік Уәли 8 наурыз - халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында түрлі салада еңбек етіп жүрген өңірдегі нәзік жандылармен кездесті. Салтанатты шараға өңірдің қала-аудандарындағы білім, ғылым, мәдениет, спорт, денсаулық сақтау, құқық қорғау, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік саласының, БАҚ, азаматтық қоғам өкілдері, Президент жанындағы Ұлттық комиссия мүшелері қатысты.


Жалпы саны 100-ге жуық нәзік жандылардың басын қосқан салтанатты шарада жұмысшы мамандарына ерекше көңіл бөлінді. Кездесуге ауданымыздан жеке кәсіпкер, аудандағы табысты қолөнер шебері, "Өз ісінің шебері" номинациясының иегері Жанна Жабекова және Көкпекті ауылында 5 адамды жұмыспен қамтып отырған белгілі наубайханашы Қарлығаш Аубакирова, ішкі саясат бөлімінің бас маманы, Көкпекті ауданы әкім жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Қымбат Сейткамзина және Көкпекті аудандық оқушылар шығармашылық сарайының қосымша білім беру педагогы Назым Келербекова қатысып, керемет кештің мейманы болып қайтты.
Облыс әкімі құттықтау сөзінде әйелдердің отбасының ұйытқысы болып қана қоймай, елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларда белсенді азаматтық ұстаным танытып жүргенін атап өтті.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әйелдерге жан-жақты жағдай жасау, олардың құқығын қорғау және отбасы институтын нығайту – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы» екенін үнемі назарда ұстап келе жатқаны баршаға мәлім. Қазақ даласында әйел затының орны қашанда биік. Бесікті тербеткен, елді жебеген, ердің серігі болған аналарымыз – халқымыздың ұйытқысы, шаңырағымыздың шамшырағы. Өңіріміздің өркендеу жолында атқарған адал қызметтеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіруге рұқсат етіңіздер»,- деді облыс әкімі.
Салтанатты шарада Қазақстанның Еңбек ері Алма Шүкіжанова, мемлекеттік қызмет ардагері, қоғам қайраткері Нина Рыболовлева, Президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мүшесі Риза Молдашева құттықтау сөз сөйлеп, лебіздерін жеткізді.
Облыстық филармония және қалалық мәдениет сарайының шығармашылық ұжымы жиналғандарға мерекелік бағдарлама ұсынды.

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2025 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз