Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға арнайы  ҚМДБ Төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы келіп, барша Абай жұртын жаңа мешіттің ашылуымен құттықтап, ізгі ниетін жеткізді. Сондай-ақ семейлік игі-жақсы зиялы қауым мен тарихшы ғалымдар қатысты.

Айта кетейік Тана мырза мешіті Семей қаласындағы 17-мешіт боп тіркелді. Құлшылық үйі кәсіпкерлер мен жергілікті халықтың қолдауымен салынды. 2 қабаттан тұратын Алла үйінің жоғарғы қабатында ерлерге арналған негізгі намаз оқу залы, әйелдерге арналған намаз оқу бөлмесі және имам бөлмесі орналасқан. Ал, астыңғы қабатында қосымша намаз оқу бөлмесі және дәретхана бар. Мешіт 400 адамға арналған.


Бұл мешітке Тана мырза Тілемісұлының есімі берілуінің де астарында үлкен мән бар. Тана мырза Тілемісұлы 19 ғасырда қазақ халқы үшін өте үлкен ағартушылық қызмет атқарып, өзі билік жүргізген елді өнер-білімге баулып, мешіт салдырған, мектептер ашқан. Тана мырза салдырған елдегі алғашқы білім ордасы «Ақ мектептің» орны әлі күнге дейін бар.
Христиан дінінің миссионерлері Көкпекті өңірінде қыр қазағын шоқындыруға бар күшін салып жанталасқан кезде елінің дана көсемі Тана мырза малы мен күш-жігерін аямай қатарынан 7 мешіт салдырған екен. Сөйтіп ол тарихқа жай ғана басшы емес, халқына қамқор, ұрпаққа жаны ашитын нағыз дін қайраткері ретінде қалды.
Тана мырза бабамыз Ертіс өзеніне таяу жердегі Көкпекті ауданына қарасты Үлгілімалшы ауылы маңында (Тана мешіт деген жерде) мешіт салдырып, мешіттің ашылу тойына замандасы Құнанбай қажы Өскенбайұлын да шақырған. Сол тойға Құнанбай Абайды ертіп барды деген де деректер бар. Абайдың әйгілі «Айттым сәлем Қаламқас» өлеңі сол сапардан кейін туған деседі.
Жаңа мешітке Тана мырза бабамыздың ұрпақтарының бірі, меценат Кәкен Тоқтаров қомақты үлес қосқан. Көкпектіден жаңа мешіттің ашылуына Көкпекті орталық мешітінің бас имамы Кенжебек Калиакпарұлы мен айтыскер ақын Фархат Маратұлы барды. Фархат ақын ауданымыздың атынан арнау айтып елдің ықыласына бөленді.

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз