10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын алған азаматтар есімі белгілі болды. Көкпекті ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаевтың қатысуымен өткен аудандық мәслихаттың кезекті он екінші сессиясында ауданның дамуы мен өркендеуіне елеулі үлес қосқан бірқатар лайықты тұлғаларға, қоғам қайраткерлеріне «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы шешім қабылданды.
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында мәслихат төрағасы Талғат Сармановтың төрағалыымен Көкпекті аудандық мәслихатының кезекті он екінші сессиясы өткізілді. Сессияға аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.
Кезекті сессияның күн тәртібінде 2023 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту, 2023 жылғы Көкпекті ауданының ауылдық округтері бюджеттерінің орындалуы туралы есеп, 2023 жылғы Көкпекті ауданы бюджетінің орындалуы туралы жергілікті атқарушы органның жылдық есебіне Абай облысы бойынша тексеру комиссиясының есебін бекіту туралы сұрақтар қаралды.
Сонымен бірге Көкпекті ауданы елді мекендерінің шекарасын белгілеу, Көкпекті ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, оларды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы, «Көкпекті ауданының Құрметті азаматы» атағын беру, Көкпекті ауданының терроризмге қарсы комиссиясының дербес құрамын бекіту, Көкпекті ауданының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясының дербес құрамын бекіту, Абай облысы Көкпекті ауданы бойынша қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы консультациялық-кеңесші органның дербес құрамын бекіту, Абай облысы Көкпекті ауданының кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының дербес құрамын бекіту, Көкпекті ауданының құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының дербес құрамын бекіту, Көкпекті аудандық мәслихатының 2022 жылғы 3 наурыздағы № 14-2 «Көкпекті ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы сұрақтар бойынша шешім шығарылды.
Күн тәртібіндегі ең маңызды сұрақ «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын беру. Ауданның дамуына қосқан үлестері үшін ауыл шаруашылығы, білім беру және денсаулық саласының саласының ардагерлері, әлемдік аранеда үлкен жетістіктерге қол жеткізген даңқты спортшылар, әлеуметтік-экономикалық дамуға ерекше үлес қосқан іскер азаматтар, саналы ғұмырын мемлекеттік қызметке арнаған майталмандар, қоғам қайраткерлері мен жомарт жүректі меценаттар құрметті атаққа ие болды. Бұл азаматтар қандай да болсын құрмет пен атаққа лайықты.
Биылғы жылы «Көкпекті ауданының Құрметті азаматы» атағы арнайы қрылған комиссия ұсынысымен, депутаттар шешімімен 19 тұлғаға берілді. Бұл атақ соңғы 4 жыл көлемінде берілмей келген.
2024 жылы «Көкпекті ауданының Құрметті азаматы» атағы берілген жерлестеріміздің қатарында Құдайберген Толықпаев, Камелбек Қажкенов, Сағындық Сатыбалдинов, Шайкен Кулжанов, Толеберды Хощанов, Кульзияш Ибрагимова, Асия Нұргожина, Сараш Сыдықова, Сәуле Бекова, Серикбосын Тлебалдин, Данияр Қайсанов, Жанат Ибрагимов, Мұхамед Хабидолданов, Ержан Қойгелдин, Талғат Сарманов, Клара Смаилова, Гүлназ Нұрғалиева, Рауя Наурызбаева және Гүлбаран Ақшабаева бар.
Лайықты атаққа ие болған жерлестеріміздің қажырлы еңбек жолы мен өнегелі өмірі туралы деректі мақалалар топтамасы аудандық газеттің алдағы сандарында жарияланып отырады.
«Құрметті азамат» атағы қоғамның және оның өкілдерінің Көкпекті ауданының әлеуметтік, экономикалық және мәдени дамуына елеулі үлес қосқан тұлғаларға деген зор ризашылығының белгісі.
Дархан БЕРДІБЕК
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.