Абай облысында жастар үшін шағын гранттар конкурсы – «ZHAS PROJECT» жобасы басталды. Өңірге 8 грант бөлінген. Өтінімдерді қабылдау 25 наурызда басталып, бір айға созылады. Бұл туралы конкурсты ұйымдастырушылар мен «Абай жастары» жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Ерсінбек Өрлеубек хабарлады.
- 19 ақпаннан 24 наурызға дейін ынталы қатысушылар үшін ақпараттық науқан өткізіледі. Ал 25 наурызда өтінімдерді қабылдау басталады. «ZHAS PROJECT» жобасы жастар арасында кәсіпкерлік дағдыларды дамытуға бағытталған. Жобаға шалғай ауылдардағы халықтың әлеуметтік осал топтары мен жастарға артықшылық бере отырып, 18-35 жас аралығындағы қазақстандықтар қатыса алады. Үздік әлеуметтік жобаларды конкурстық комиссия таңдайды. Алғашқы қадам, өтініш беру – идеяны анықтау, сайтта сауалнама толтыру www.zhasproject.com, құжаттарды тіркеп, бюджет құрып, шағын гранттар конкурсына қатысуға өтінім бересіз, – деп нақтылады Zhas Project жобасының үйлестірушісі Эльзира Жүнісова.
Конкурс талаптарына сәйкес үміткерлер аймақта тұратын жұмыссыз жастар болуы керек. Жоба жеңімпаздары 1 миллион теңгеге дейін қаражатқа және тәлімгерлердің қолдауына ие болады. Жастарға жобаларын іске асыруға төрт ай беріледі.
Спикерлердің айтуынша, шағын гранттарды іске асыру барысында жастарға ұйымдастырушылық және консультациялық қолдау көрсетілетін болады. Сондай-ақ білікті жаттықтырушылар, тәлімгерлер және әлеуметтік жобаларды дамыту жөніндегі мамандар шақырылады.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.