Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

5-9 шілде аралығында Көкпекті ауданына саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Абай облысының өңірлік комиссия мүшелері жұмыс сапарымен келді. Аудан тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды. 

Жұмыс сапарының мақсаты - саяси қуғын-сүргін құрбандарының барлық санатына қатысты тарихи әділдікті қалпына келтіру. Абай облыстық комиссиясының мүшелері саяси қуғын-сүргін құрбандары мен олардың ұрпақтарының, ата-бабаларының қасіреті туралы естелік қалдыра алатын куәгерлердің, 1920-1950 жылдары туылған аға буын өкілдерінің түрлі санаттағы саяси қуғын-сүргін құрбандарының яғни:
• Байлар, кулактар, жартылай феодалдар;


• Халық көтерілістері мен қарсылықтарға қатысушылар;
• Қуғын-сүргін және ашаршылық кезеңіндегі мәжбүрлі босқындар;
• ГУЛАГ лагерлерінің тұтқындары;
• Соғыс тұтқындары;
• Жер аударылғандар мен арнайы қоныс аударушылар;
• Дәстүрлі дін өкілдері және басқа да санаттағылар қуғын-сүргінге ұшыраған құрбандардың ұрпақтарын арғы аталарының тарихынан естеліктер жинау.
Комиссия құрамы Тассай, Теректі, Преображенка, Үкіліқыз ауылдарында болып, саяси қуғын-сүргін көрген адамдардың ұрпақтарымен кездесті. Ата-бабаларының көрген қиындықтарын тыңдап, қажетті ақпараттар алды. «Қатарында мыңдаған және ондаған диверсанттар мен тыңшылар бар» деген күдікпен қазақ жеріне депортацияланған неміс, болгар сияқты өзге ұлт өкілдерінен «Халық жады» кітабына естеліктер жазып алынды.
Сонымен қатар кездесуде Көкпекті ауданының теріскейіндегі Қаракезең деген жерге 45 адамды айдап апарып, жаппай атып тастаған жерлерге құлпытас немесе ескерткіш тақта орнату жөнінде ұсыныс айтылды.
Кездесу соңында Алаш атты әскер полкінің командирі, Алашорда үкіметінің белсенді мүшесі болған Хамит Нығметоллаұлы Тоқтамысовтың басына барып, тағзым етілді.
Естеліктер Астана қаласында басылатын «Халық жады» жинағына енеді.

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз