Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру туралы тапсырмасын орындау шеңберінде Көкпекті ауданында аудан әкімі Ділдәбек Оразбаевтың өткен жылғы әкімшіліктің жұмыс қорытындысын шығаруға және азаматтардың мәселелерін шешуге арналған халықпен кездесулері басталды.

 

ЖАҢА ЖЫЛҒА АУҚЫМДЫ ЖОСПАРМЕН

11 қаңтарда аудан әкімінің халықпен кездесуі Үлгілімалшы, Көкжайық және Үлкенбөкен ауылдық округтерінде өтті. Аудан басшысы және осы ауылдық округ әкімдерінен басқа аудандық мәслихат хатшысы Талғат Сарманов, сондай-ақ дербес бөлімдер мен ұйымдардың басшылары қатысты.
Е. Асылханов атындағы мәдениет үйіне жиналған жұртшылық округ әкімі Берікбол Мукушевтің слайдтарда ұсынылған ақпаратымен танысып, өткен жыл ішінде атқарылған жұмыстар туралы хабардар болды. Сондай-ақ Берікбол Шакербекұлы округті дамыту жоспарларын айтып өтті. Оған Үлкенбөкен-Көкжайық-Үлгілімалшы жолының учаскелерін орташа жөндеу, Мамай ауылында су құбырын салу, кіреберіс жолдарды орташа жөндеу, Үлгілімалшы ауылында кәріз желілері мен қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу, округ мектептерін күрделі және ағымдағы жөндеу, ауылдарда дәрігерлік амбулатория мен медициналық пункттер салу, Мамай ауылына мәдениет үйін және Үлгілімалшы ауылына спорт модулі, стационарлық - ветеринариялық пункт пен мал қорымын салу сынды жобалар кіреді.
Осыдан кейін аудан әкімі Ділдәбек Тәжібайұлы өткен жылы Көкпекті ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны туралы айтып берді.
Кездесудің маңызды кезеңі – тұрғындар мен аудан басшысы арасында сұрақ-жауапқа кезек берілді. Жергілікті тұрғындардың бірін таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі толғандырды. Ауыл мектебінің музыка пәні мұғалімі Гүлмира Сұлтанқызы оқушыларға қазақтың ұлттық музыкалық аспабын ойнауды үйрету үшін домбыраның қашан сатып алынатынын сұрады. Ол мәселе бойынша келесі айда мектепке домбыра сатып алынатын болды. Тағы бірнеше сауалдар көтерілді, олардың шешімін ауданымыздың жауапты қызметтері атқаратын болады.

БАЛАЛАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ ПЕН ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ – НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚ

Бұдан кейін аудан әкімі Көкжайық ауылдық округіне ат басын бұрды. Халықпен кездесу алдында Көкжайық орта мектебіне барды. Білім ордасының жұмысымен танысқан Ділдәбек Тәжібайұлы жаңадан тағайындалған аудандық білім бөлімінің басшысы Аслан Танысбаев пен мектеп директоры Сәуле Тоқтарқызына мектепте шағын орталық ашу жұмысын ұйымдастыруды тапсырды.


Аудан тұрғындарымен кездесу ауылдық мәдениет үйінде өтті. Көкжайық ауылдық округінің әкімі Қайрат Ахметқалиев 2022 жылы атқарылған жұмыстар туралы айтып, округтің даму жоспарларымен бөлісті. Ол Көкжайықта көше жарығын орнату жұмысын жалғастыру, Қарамойыл ауылында су құбырын салу, ауылдарға кірме жолдарды жөндеу, Көкжайық ауылында қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны мен кәріз желілерін салу, медициналық пункттер салу, Көкжайық ауылының клубын күрделі жөндеу жұмысы, сондай-ақ стационарлық - ветеринарлық пункт пен мал қорымын салу жұмыстары.
Осыдан кейін Ділдәбек Тәжібайұлы көкжайықтықтарды өткен жылы Көкпекті ауданында атқарылған жұмыстармен таныстырды.
Келесі кезекте сөз тұрғындарға берілді, олар өз мәселелерін ашық айтты. Гүлзат Жармұхамбетованы жас мамандарды жұмыспен қамту мәселесі толғандырды. Бұл мәселенің туындау себебі кейбір салалардағы жұмыс орындарында зейнет жасындағы мамандардың осы уақытқа дейін қызмет етіп жүргендігі деп санайды. Жиналғандар бұл тақырыпты қарастыруды қызу талқылады. Сондай-ақ білім беру мекемесін уақтылы дезинфекцияламау, ағылшын тілі оқулықтарының жетіспеушілігі сынды мәселелер айтылды.
Сонымен қатар балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту, округтегі ветеринарлық саланы қолдау және тағы бірнеше мәселелер туралы сөз болды. Құрметті ақсақал Тоқан Жазнаев ауыл және аудан әкімдеріне жұмысы үшін алғысын білдірді, сондай-ақ округте зертханашының жетіспейтіндігін атап өтті.
Мұның бәрі кездесу хаттамасына енгізілді, бұдан әрі айтылған мәселелерді аудан әкімінің тікелей бақылауымен тиісті мекемелер шешетін болады.

КҮН ТӘРТІБІНДЕ - ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ

Осы күнгі аудан басшысының тұрғындармен кезекті кездесуі Үлкенбөкен ауылдық округімен аяқталды. Тұрғындармен кездесу ауылдық мәдениет үйінде өтті.
Округ әкімі Қайрат Жылқышев өткен жылы округте өткізілген жұмысты қорытындылап, болашаққа жоспарларымен бөлісті. Бұл көше жарығын орнатуды жалғастыру, ауылішілік және кірме жолдарды жөндеу, Үлкенбөкен ауылында қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны мен кәріз желілерін салу, Үлкенбөкен дәрігерлік амбулаториясына күрделі жөндеу жұмысы, сондай-ақ спорттық модуль, стационарлық - ветеринарлық пункт және мал қорымын салу. Жансары ауылына медициналық пункт салу.
Осыдан кейін жергілікті тұрғындар аудан әкімі Ділдәбек Оразбаевтың 2022 жылғы өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы баяндамасын тыңдады.
Кездесудің қорытынды және маңызды бөлігі тұрғындардың мәселелерін талқылау болды. Ұларбек аға медициналық сақтандыруға қатысты сауал қойды. Бұл жөнінде округтің медицина маманы, Көкпекті аудандық ауруханасының бас дәрігері Әсем Рахымбаева түсініктеме берді.
Тағы бірнеше сұрақтар қойылды, олардың бірі Үлкенбөкен орта мектебінің асханасын жалға алушыдан түсті.
Білім беру мекемесінің ғимараты ескі болғандықтан жөндеу жұмыстарын қажет етеді.
Аудан басшысы мектеп директоры Айсұлу Айғалиқызына ғимаратты жөндеу жұмыстарын жеке - жеке жүргізуге кеңес берді. Бұл тапсырма аудандық білім бөлімінің басшысы Аслан Балабекұлына да жүктеледі.
Осылайша тұрғындарды мазалаған және өзекті мәселелер талқыланды. Аудан басшысы олардың барлығы өз шешімін табатынына сендірді.

Виктория ГАРМАШОВА

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз