Көкпекті ауылында былтырғы жылы салына бастаған бассейн құрылысына қоғамдық бақылау күшейтілді. Аудан әкімі Ділдәбек Тәжібаевтың тапсырмасы бойынша қоғам белсенділерінен құралған топ барлық құрылыс жұмыстарының барысын бақылап отыратын болды. Алғашқы нысан аудан орталығындағы бассейн құрылысы.
19 шілде күні «Аманат» партиясы Көкпекті аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Раушан Кемербаева аталған нысанға арнайы барып, ауыл тұрғындарының қатысуымен қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізді. Қоғамдық ба-қылауға қоғамдық кеңес хатшысы Рауя Наурызбае-ва, мәслихат хатшысы Талғат Сарманов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Сләмбек Мұқашев, ішкі саясат бөлімінің басшысы Азат Рахымбаев және БАҚ өкілдері қатысты. Басты мақсат - жүргізіліп жатқан құрылыс жұмысы барысын ауыл тұрғындарымен бірге қадағалау және халықтың ұсыныс-пікірлерін ескере отырып, сапалы жұмыс жүргізу.
Құрылыс басында қоғамдық бақылау тобының бас мердігері «СМУ Шығыс» ЖШС өкілі, учаске басшысы Нұржан Бауыржанұлы қарсы алып, жағдайды баяндап берді.
- Жоба бойынша Көкпекті ауылындағы бассейн 2022 жылдың соңына дейін аяқталады. Жоспарға сай уақытында нысанды тапсырамыз деген сенім бар. Бассейннің суда жүзу бөлігінде ұзындығы 25 метрлік 4 жолақ орналасады. Негізгі су тұратын бассейн шанағының 2 шетінде жертөле бар. Бір жағында су фильтрі, ал екінші шетінде жылыту қазандығы болады. Бүгінгі күні құрылыс материалдарын толық алып қойдық. Қазір блоктарды монтаждау жүргізіліп жатыр. Нысанда 10 жұмысшы қамтылған. Дегенмен, құрылыс барысы жоспардан 20 күнге кешігіп келеді, - деді учаске басшысы.
Қоғамдық бақылау тобы бірқатар ескертулер мен ұсыныстар айтты. Олардың қатарында кәріз желісіне қосу, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған құрылғылар қажеттілігін ескеру, жаз маусымында жылы күндерді пайдаланып құрылыс жұмыстарын жылдамдату, сапаға мән беру сынды маңызды мәселелер қамтылды.
- Құрылыстың уақтылы тапсырылуынан бөлек, сапалы болуына баса назар аударғанымыз абзал. Мердігерлер жұмысын үнемі тексеріп отыру қажет. Тіпті қандай құрылыс материалдарын пайдаланып жатқандығына дейін бақылануға тиіс. Ол үшін жанашыр азаматтарды қоғамдық бақылау жұмысына атсалысуға шақырамыз, - деді Раушан Алпысбекқызы.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.