Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Аудан әкімі Раджан Сейтқановтың есептік кездесулері 31 наурыз күні Ұзынбұлақ, Ажа, Қайнар, Тассай, Үшкөмей, Биғаш және Егінбұлақ елді мекендерінде жалғасты.

 

Ұзынбұлақ

Көкпекті ауылдық округіне қарасты Ұзынбұлақ ауылында бүгінгі күні 12 отбасы тұрады. Барлығы мал өсіріп, егін егіп отырған жұмыскер халық. Кездесуде көтерілген негізгі сұрақ Ұзынбұлақ ауылына ұялы байланыс орнату болды. Сондай-ақ, «Арна» шаруа қожалығының басшысы Мұрат Жакупов аудан басшысына Көкпекті-Ұзынбұлақ тас жолын грейдерлеп, тегістеу жұмыстарын жүргізу қажеттігін айтты.

Сұрақтарға жауап берген аудан әкімі ұялы байланыс орнату бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында жұмыс жасалады деді. Сондай-ақ жазғытұрым жер кепкенде коммуналды шаруашылықтан арнайы техника жіберіп, жолды тегістеп беруге туралы уәде етті. Көшеге жарық шамдарын орнату бойынша Көкпекті ауылдық округінің әкімі қайрат Алғазиновқа тапсырма берілді.

 

Ажа

Ажа ауылында Раджан Қайрқанұлы жергілікті халықпен мектеп ғимаратында жүздесті. Кездесу барысында аудан басшысы өңірдегі оң өзгерістерді саралап, атқарылған жұмыстарға тоқталып, ағымдағы жылға жоспарланған негізгі жобалармен бөлісті.

Өз кезегінде ажалықтар шағын футбол алаңын салу, мал жайылымын ұйымдастарыру, жер телімін алу, спортзал салу қажеттігін айтты.

Спортзал мәселесіне қатысты аудан әкімі бұл жағдайдың назарда екендігін, жобалау сметалық құжаттар әзірлеріп, бюджеттік өтінім берілген, қаражат бөлінуіне орай шешімін табытынын жеткізді.  Ал ауыл жастарына арналған шағын футбол алаңының жасанды жабындысын сатып алу биылғы жылға жоспарланған. Мал жайылымын дұрыс ұйымдастыру, бойдақ малды жайлауға шығару жұмыстарын ұйымдастыру округ әкіміне жүктелді.

 

Қайнар

Қайнар елді мекенінің тұрғындары ұялы байланыс мәселесінің қиындығын айтып, қаңғыбас иттердің көзін жоюды және өзен суын ірі шаруашылықтар бұрып алмауына жол бермеуді сұрады.

Тұрғындар ұсынысын тыңдаған аудан әкімі Раджан Қайрқанұлы өзен суын тиімді пайдалану, арналарды қадағалау бойынша жергілікті азаматтармен бірлесіп жұмыс істеуге шақырды. Ұялы байланыс мәселесінің шешімі уақыттың еншісінде.

 

Тассай

 Округ орталығысы Тассай ауылындағы есептік кездесуге халық көп жиналды. Мәдениет үйінің кең залын толтырған тассайлықтар мен аудан әкімі Раджан Сейтқанов «сұрақ-жауап» форматында келелі кеңес құрды. Ауыл ақсақалдары көпшілік көкейінде жүрген түйінді сұрақтарды ортаға салып, аудан басшысы жиылған көпшілікпен оларды шешу жолдарын талқылады.

Тассайдың ардақты ақсақалы Қуан Түсіпбеков сөз алып, жерлестерінің барлық дерлік өтініш-арызын кезекпен тізіп берді. Сыйлы ақсақал жер телімін алу, жолды қайта жөндеу сынды сұрақтарды тілге тиек етті. Сондай-ақ кездесу барысында Тассай ауылында кәріз желісін іске қосу мәселесі көтерілді.

Сұрақтарға жауап берген аудан басшысы былтыр ғана күрделі жөндеуден өткен Тассай ауылына апаратын жол бөлігінің бүлініп жатқанын біліп, қалпына келтіру бойынша жұмыстар жасап жатқанын айтты. Мердігер ұйым бұзылған жолды қайта салатын болды.

Ауыл тұрғыны Мейрам Күзембаев тегін дәрі-дәрмек алудағы қиындықтарға шағымданды. Алайда ауылдағы медициналық қызметкер өтініш иесіне нақты әрі толық жауап берді. Ауыл тұрғындары да медициналық қызметкердің жұмысына риза екендіктерін айтып, шалғайдағы елді мекенге келіп, сапалы қызмет көрсетіп жатқан жас маманға қашан да қолдау білдіру дайын екендерін білдірді.

 

Үшкөмей

Зайсан көлінің жағасындағы Үшкөмей ауылы мал өсіріп, ата кәсіппен жан бағып отырған еңбекқор жандардың мекені. Аудан басшысымен кездесуде ауыл тұрғындары жолды тегістеп қыру, бұзылған үйлердің орнын тегістеу, қаңғыбас иттердің көзін жою, бруцеллез аурының алдын алу сынды өзекті сұрақтарды қойды.

Сұрақтарға жауап берген аудан әкімі ауылдағы тазалық, қаңғыбас иттермен күрес, мал жайылымын ұйымдастару бірінші кезекті жергілікті қауымдастық шешетін мәселелер екенін баса айтты. Бос тұрған үйлерді күреп, орнын тегістеу бойынша заң аясында жұмыс атқарылады. Сондай-ақ Тассай-Үшкөмей жолын тегістеп қыру үшін аудандық коммуналды шаруашылықтың арнайы техникасы жіберілетін болды.

Биғаш

Аудан әкімінің есептік баяндасымен ранысқан ауыл тұрығндары кезекпен сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. алғаш сөз алған Жанат Көпесов ауданда тұқым шаруашылығын құру туралы ұсынысын айтты.

- Көкпекті ауданына тұқым шаруашылығы өте қажет. Іргелі шаруашылықтардың шетелден, басқа облыстан сапалы әрі қымбат тұқым алуға мүмкіндігі бар. Ал көптеген шағын шаруа қожалықтары көктемде егістікке қажетті тұқым іздеп қиналады. Осы мәселені күн тәртібіне қойып, ауданда тұқым шаруашылығын ашуға ықпал етсеңіз деп сұраймыз, - деді.

Бұл мәселе бойынша Раджан Қайрқанұлы орынбасары Дәурен Қойгелдинге тақырыптық семинар ұйымдастыруды жүктеді.

Сондай-ақ Биғаш тұрғындары аудан орталығынымен байналыстыратын жолды жөндеу мәселесін алға тартты. Білетін азаматтар жол бойындағы су өткізгіш көпірлер де апаттық жағдайда дейді. Бұл мәселе бойынша аудан басшысы жаз шыққан соң техника жіберіп, қажетті жерлерге тас-құм төселіп, жолды қыру жұмыстары атқарылатынын айтты.

Таза ауыз су мәселесі мен интернетке қосылу жайы тілге тиек етілді. - Биғаш ауылына су құбыры желілерін салу бойынша жобалау-сметалық құжаттары әзірленіп, республикалық бюджетке ұсынылды. Дәл қазір Сіздерге Биғашқа су тартып береміз деп уәде ете алмаймын. Республикадан қаражат бөлінуіне байланысты болады. ал интернет желісіне қосылу мемлекеттік бағдарлама аясында жүзеге асырылатын болады. жоба бойынша ағымдағы жылы Биғаш ауылын интернетке қосу қарастырылған, - деді Раджан Қайрқанұлы.

 

Егінбұлақ

Бұл күнгі есептік кездесулердің соңғысы Егінбұлақ ауылында өткізілді. Шалғайдағы шағын ауыл тұрғындары ауылдық клубқа жиналды. Аудан әкімінің есептік баяндамасын мұқият тындап, кезекпен өтініш-арыздарын айтты.

Ауыл халқын толғандырған басты мәселе – ұялы байланыс. Ауылдық округ әкімі Самат Кунафин қазіргі уақытта Егінбұлақ ауылын ұялы байланыс желісіне қосу бойынша тақарылып жатқан жұмыстарды баяндап берді. Ауыл әкімінің айтуы бойынша бүгінгі күнге байланыс операторымен нақты келісім жаалып, антенна орнататын жер телімін рәсімдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр екен. Ұзақ жылдар ұялы байланыссыз отырған ауыл халқы үшін бұл қуанышты жаңалық.

Сонымен бірге, электр желісінің жұмысын реттейтін КТП тозығы жетіп, қатты жел мен боранда жиі өшіп қалатын болған. Бұл сұрақ бойынша аудандық АЭС-пен келісіп, КТП ауыстыру жұмысын ұйымдастыру округ әкіміне міндеттелді.

 

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2022 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз