Біздің жанашыр және қайырымды азаматтарымыз қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға ешқашан бей-жай қарамайды.
Ауданның құрметті азаматы Владимир Викторович Виничук жергілікті тұрғындарды көмірмен қамтамасыз ететін «Виничук В.В.» ЖК басқарады. Ол біздің ауданымыздағы түрлі іс-шаралар мен қайырымдылық акцияларының тұрақты демеушісі ретінде танымал.
Ағымдағы жылдың 11-12 қаңтар аралығында кәсіпкер Көкпекті ауылының 5 отбасына әрқайсына 1 тоннадан көмір таратты. Қайырымдылық көмек алушылардың арасында болған жалғыз басты зейнеткерлер, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың мүшелері Владимир Викторовичке көрсеткен көмегі үшін шын жүректен алғыс білдірді.
Айта кету керек, Владимир Винничук мұндай қайырымдылық шараларын жиі өткізіп отырады. Көмекке мұқтаж адамдарды назардан тыс қалдырмайды. Жыл басында елімізде қалыптасқан күрделі жағдайды ескере отырып, бұл игі іс халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері үшін ерекше маңызға ие.
#күшімізбірлікте
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.