Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы Жолдауында елімізде қалыптасқан әлеуметтік маңызға ие өзекті мәселелердің басын ашып, оларды шешу жолдарын тарқатып айтты. Мені, ветеринария саласының маманы ретінде, ветеринарияға көңіл аудару керек деген Президент сөзі қатты қуатты. Өйткені ветеринария саласының жұмысы бір жүйеге келмей мал шаруашылығы да дамымайды.
«Ветеринария саласын да жетілдіру қажет. Бұл салада орталық пен өңірлер арасында міндеттер мен құзыреттер нақты бөлінуі керек. Мал басының амандығы және өнімділігі жергілікті ветеринарлардың тиімді жұмысына байланысты. Бұл, түптеп келгенде, ауылдағы ағайынның әл-ауқатына тікелей әсер етеді. Ветеринария қызметі қазіргі заман талабына сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес», - деп нақты айтты Мемлекет басшысы.
Президент бұл салада жүйелі жұмыс атқарылуы тиіс екенін атап өтті. Атап айтқанда, үдерістерді цифрландыру, мәлімет жинау әрі оны автоматтандыру, маман даярлау және олардың жалақысын көбейту шараларын ескеру керек.
Ербол Төлешов, «Республикалық ветеринарлық лаборотория» РММ Көкпекті аудандық ветеринарлық лаборатория меңгерушісі
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.