Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жер мәселесі қашан да өзекті тақырыптың бірі болып табылады. Қазақтың жері кең-байтақ дегенмен кейде соған байланысты түйткілдер тарқатылмай, тұрғындар арасында түсінбеушілік орын алып жатады. Кезінде жер дауына қатысты төрелігін айтып, шешім шығарған әйгілі Құнанбай қажы: «Адам өседі, мал өседі, жер өспейді»,- деген екен. Көкпекті ауданында жер, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бүгінде әлеуметтік өзекті мәселенің біріне айналып отыр.
19 тамыз күні аудан әкімі Раджан Сейтқановтың жеке қабылдауына келген тұрғындар көтерген басты сұрақ та осы жер мәселесіне қатысты. «Адалдық алаңы» кеңсесінде өткен қоғамдық қабылдауға жазылған 3 азаматтың барлығы да аудан басшысына жер мәселесімен келген. Барлық өтініштер мен арыздар мұқият тыңдалып, азаматтарға іс жүзіндегі заңнама аясында жауап берілді.


Аудан әкімі Раджан Қайрқанұлы бірінші қабылдаған тұрғыны Биғаш ауылының азаматы Рымкан Кибижанов. Арыз берушінің айтуы бойынша барлық құжаттары рәсімделген оның заңды 60 гектар егістік жер телімін басқа бір азамат құжат жасатып, қазір пайдаланып отыр. Даулы болып тұрған жер 2003 жылы 24 маусымда Рымкан Кибижановтың атына ресми берілген. Бұл деректі аудандық жер бөлімінің басшысы Қуат Әлкенов растайды. Алайда жер қатынастары бөлімінің басшысы Рымкан Кибижановтың атына берілген жердің басқа бір азаматқа қайта ресми рәсімделуіне «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» мемлекеттік жер кадастры базасына жер пайдалану туралы мемлекеттік акт құжаты енбей қалуы негізгі себеп болған дейді. Аудан әкімі арыз берушіге даулы мәселені шешудің заңды жолдарын тарқатып, түсіндіріп берді.
- Заңды ешкім белден баса алмайды. Әрбір азамат заңды түрде жеке құқығын қорғауға мүдделі. Аудандық жер бөліміне даулы мәселеге қатысты 2 азаматпен кездесіп, бейбіт жолмен ортақ шешімге келуді тапсырамын. Біздің тарапымыздан мемлекеттік қызмет көрсету аясында құжаттарды рәсімдеу бойынша барлық қолдау көрсетіледі. Ал арыз берушінің шағымдарын өтеу, көлемін анықтау құзырлы органдар арқылы ғана жүзеге асырылады, - деп кесімді сөзін айтты Раджан Қайрқанұлы.
Келесі кезекте қабылдауда болған тұрғындар Аққала ауылының азаматы Ерлан Низамиев пен Үлгілімалшыдан келген Әсемгүл Стамбекова да жер мәселесімен аудан басшысына жүгінді. Бірі біраз уақыт бұрын мемлекетке қайтарған жерін қайта рәсімдемек, ал енді бірі әкесіне пайға берілген жерін уақытында рәсімдеп алмағандықтан, басқа азамат жерге ресми құжат рәсімдеп алғанын айтты. Биылғы қалыптасқан жағдайды ескеретін болсақ жер мәселесі, оның ішінде шабындық жер телімінің өзектілігі еселеп артып отыр. Аудан әкімі өтініш иелерінің арызы бойынша толық түсініктеме беріп, мемлекеттік қызмет аясында жер телімін жалға алудың заңды жолдарын айтып берді. Жер қатынастары бөліміне Үлгілімалшы ауылына барып, жергілікті халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізу міндеттелді.

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз