Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ауыл халқы үшін аса маңызды болып отырған таза ауыз су мәселесі соңғы жылдары Көкпекті ауданында оңтайлы шешімін тауып келеді. «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарлама аясында бүгінгі күні Көкпекті ауданының 11 елді мекенінде су құбыры желілерінің құрылысы жүзеге асырылуда.
Аудан әкімі Раджан Сейтқанов әрбір жобаның жүзеге асырылу барысын үнемі жіті бақылауда ұстауда. Тағы бір ерекшелігі аудан басшысының тапсырмасы бойынша су құбыры тартылып жатқан әрбір ауылда жергілікті тұрғындар жұмыс сапасын қадағалап отыруы үшін халықтық бақылау топтары құрылған.
Халық көп шоғырланған Үлкенбөкен ауылында тұрғындарды таза ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында су құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың соңына дейін толық аяқталады деп жоспарланған. Көкпекті ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Дамир Ордахановпен бірге жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысып, жұмыс қарқынын көзімізбен көріп қайттық.


Су құбыры желісінің бас нысаны - ұңғымалар ауыл шетінде орналасқан. Бұл жерде әрқайсының сыйымдылығы 150 текше метрді құрайтын 2 су жинағыш-резервуары, су сору станциясы салынып, жұмысқа дайын тұр. Қазіргі уақытта 2-ші құдықты қазу жұмыстары атқарылуда.
- 2019 жылы жұмыс басталды. Сәтін салса, салынып жатқан су құбырлары ағымдағы жылдың соңына дейін ауыл тұрғындарын сапалы сумен қамтамасыз ететін болады. Құрылысқа бір мезетте 8 арнайы техника және 25 адам күші жұмылдырылған. Жұмысшылардың көбі жергілікті тұрғындар. Орташа есеппен 150 мың теңге айлық алады. Жұмыс барысында халықтың ескертулері мен өтініштерін бірінші кезекте назарда ұстап отырмыз. Жоба іске қосылғаннан кейін 3 жылға дейін кепілдік бойынша қызмет көрсетеміз. Біздің құрылыс ұйымының 30 жылға жуық мол тәжірибесі қалыптасқан, - дейді мердігер ұйым өкілі Дулат Секенұлы.
Сондай-ақ мердігер ұйым «СМУ Шығыс» ЖШС бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін де ұмытпауда. Ауылдағы жалғызбасты қарттар, көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасылардың үйлеріне су құбыры желісін тегін кіргізіп бермек. Мердігер ұйымның қазба жұмыстары жүргізілген соң ауыл ішіндегі жолдарды қалпына келтіру бойынша атқарған жұмысын да басқаларға үлгі тұтуға боларлық. Тіпті кейбір көшелерге арнайы техника жүргізіп, грейдерлеу жұмыстарын да жасап берген екен.
Аудан әкімі Раджан Сейтқановтың тапсырмасы бойынша жобалардың сапалы жүзеге асырылуы үшін құрылған халықтық бақылау Үлкенбөкен ауылында жақсы жұмыс істеуде. Құрамына ауылдық округтегі ақсақалдар алқасының төрағасы А.Ахатов, ауылдың сыйлы да беделді тұрғындары Т.Байдәулетов, Н.Егеубаев, А.Насерханова, Р.Увалиева кіретін бақылау тобы бірінші күннен қызу іске кіріскен. Жергілікті қоғамдық қауымдастық атынан жауапкершілік арқалаған бақылау тобының мүшелерімен кездесіп, жобаның жүзеге асырылу барысы туралы пікірлерін тындадық.
- Үлкенбөкен ауылында туып-өстік. Міне 75 жыл болды осы жерді мекендегелі. Ауылдың байырғы тұрғыны ретінде таза ауыз су келеді дегенде қатты қуанған жанның бірі мен. Тереңнен тартылатын сапалы ауыз судың ауыл халқының денсаулығы үшін маңызы зор. Алғашқы күннен халықтық бақылау тобымен жұмыстарын көріп жүрміз. Мердігердің атқарып жатқан ісіне көңіл толады. Әлеуметтік нысандар мен жалғызбасты қарттардың үйіне су құбыры толық тартылса екен деген тілегіміз бар, - дейді зейнеткер Рая Увалиева.
Көкпекті ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Дамир Ордахановтың мәліметі бойынша жобаның келісім шарттар бойынша жалпы құны 918 559 миллион теңге. Бас мердігер "Дороги Востока" ЖШС-і мен келісім шарт сомасы – 884,167 млн. теңге. Техникалық қадағалаушы «VK ETNA» ЖШС. Авторлық қадағалаушы "Ақжар Жоба" ЖШС.
Нысанды тапсырудың жоспарланған мерзімі 2021 жыл. Ауданда жүзеге асырылып жатқан басқа да су құбыры желелері жобаларының барысы туралы аудандық газеттің келесі сандарында ақпарат беріледі.

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз