10 наурыз күні коронавирус инфекциясының профилактикасына арналған Гам-Ковид-Вак вакцинасы бар арнайы авторефрижератор ("Спутник V") облыс орталығынан ШҚО ДСБ маманы Ғабит Раушанұлы Тобатаевтің бақылауымен ауданымызға әкелінді.
Көкпекті ауданының аудандық ауруханасының баспасөз хатшысы, дәрігер-эпидемиолог Е.И.Сорокинаның айтуынша, вакцинаның көрсетілген температурада (минус 18 градустан жоғары болмауы керек) қатаң сақтау қажеттілігіне байланысты Ғабит Раушанұлы аудандарға жеткізу қауіпсіздігін өзі қадағалап, бақылап отырды. Вакцина «Көкпекті ауданының аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК бас дәрігері А.Т.Рахимбаеваға жеткізілді.
Бүгінгі күні Гам - Ковид - Вак вакцинасының I компонентінің 200 дозасы (Көкпекті өңірі үшін 100 доза және Самар өңірі үшін 100 доза) келіп түсті.
Көкпекті ауданы 2021 жылдың 11 наурызынан бастап коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауға толық да-йын. Көкпекті ауданының аудандық ауруханасының емханасында барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келетін егу кабинеті дайындалып, барлық қажетті техникамен және жабдықтармен толық жабдықталған. Вакцинаны салатын барлық мамандарға сабақ жүргізіліп, аттестаттаудан өткен.
- Бірінші кезекте медицина қызметкерлері, мұғалімдер, учаскелік полицейлер вакцина салдыратын болады.
Біздің ауруханаға препараттың 100 дозасы түсті. Вакцинация науқаны шамамен бір аптаға созылады. Яғни, күніне 15 адамды егуді жоспарлап отырмыз. Алғашқы вакцинаны біздің медицина қызметкерлері алды. Препаратты енгізер алдында барлығы медициналық тексеруден өтеді: сатурация, қысым, дене температурасы өлшенеді. Егер екпе салдырушының екпеге қарсы көрсетілімдері болмаса және өзін жақсы сезінсе, вакцинацияға арнайы рұқсат беріледі. Содан кейін вакцинацияға деген ерікті ниетін растайтын келісім жасалады. Осыдан кейін вакцинация процесі жүреді. Егу кабинетінен шыққаннан кейін, адам 30 минут бойы медицина мамандарының бақылауында болады. Содан кейін тағы 3 күн олардың әл-ауқатын бақылау үшін қоңырау шалып, біліп отыратын боламыз. 21 күннен кейін ревакцинация өтеді, яғни, Гам-Ковид-Вак препаратының екінші дозасын алу қажет. Вакцинацияланғандардың барлығы бастапқы алгоритм - медициналық тексеруден, рұқсат алудан, медицина қызметкерлері тарапынан келісім мен бақылаудан өтеді. Бүгін вакцинаны бірінші болып алған Көкпекті аудандық тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Гүлмира Абдрасулова болды, - деді Көкпекті ауданының аудандық ауруханасы баспасөз хатшысы, дәрігер-эпидемиолог Е.И. Сорокина.
Шұғыла Тукиева - Аудандық аурухананың дерматолог медбикесі:
- Вакцинаны 9-шы болып салдырдым. Екпеден кейінгі әсерім жақсы. Бәріне вакцинаны салдыруға кеңес беремін. Қорықпаңыздар. Керісінше, коронавирус індетінен сақтанып, екпе салдырыңыздар. Вакцинация арқылы біз жұқпалы аурулардан сақтанамыз. Біз тек өзімізді ғана емес, жақындарымызды да ойлауымыз керек. «Саулық – сақтықта» дегім келеді,- деді.
Бастапқыда айтылғандай, вакцинация 2 кезеңде жүргізіледі. Алдымен I компонентпен 0,5 мл дозада, содан кейін 21 күннен кейін II компонентпен 0,5 мл екінші доза беріледі.
Айта кету керек, бүгінгі күні вакцинация жұқпалы аурулар мен асқынудың алдын алудың жалғыз сенімді әдісі болып табылады.
Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауға қатысты барлық сұрақтар бойынша емхананың жедел желісі 2-02-34 телефонына хабарласып білуіңізге болады.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.