Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 9 желтоқсанында жергілікті уақыт бойынша сағат 11.00-де «Ашық әкімдік» кеңсесінде «Көкпекті ауданының № 2 аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК Самар ауруханасының бас дәрігері Ерік Файзулдинұлы Зиядановтың қатысуымен тікелей эфир өтті. Ол медициналық мекеменің 2020 жылы атқарған жұмысы және болашаққа жоспарлары туралы айтты.

Бірінші кезекте бас дәрігер біздің планетамыздың барлық елдерін қамтыған ең өзекті - COVID - 19 індетіне тоқталды.
Атап айтқанда, 2020 жылғы 9 желтоқсандағы жағдай бойынша Самар өңірінің аумағында жоғарыда аталған инфекциямен сырқаттанушылықтың 258 расталған жағдайы тіркелген, оның ішінде клиникалық симптомдары бар - 155 жағдай /60%/ және симптомсыз - 103 жағдай /40%.
2020 жылғы 1-9 желтоқсан аралығында ПТР-ға 207 адамның талдамасы зерттелді, талдау қорытындысы бойынша 10 тест оң нәтиже көрсетсе, 8-і зерттелу үстінде.
Сондай-ақ, коронавирустық инфекциямен ауырған науқастар Көкпекті ауданының аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне 1 адам /стационардан шығарылды; Ана мен Бала орталығына 5 адам; Бірінші қалалық ауруханасына 1 науқас жатқызылған.
Ал науқастармен байланыста болған 802 адам есепке алынды.


2020 жылдың 28 қазанынан 3 желтоқсанына дейін барлығы 238 адам байланыста болған. Соның ішінде ПТР анықтамасы бойынша 3-ші күні - 21 адам, 12-ші күні байланыста болған тұлғалар анықталған жоқ. Жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген.
Өкінішке орай, ауыр жағдайға дәрменсіздік танытылды. Самар аймағында пандемия кезінде 3 адам өлімі тіркелді.
Көкпекті ауданының № 2 аудандық ауруханасы 12 218 адамға қызмет көрсетеді, оның ішінде балалар – 2 127, жасөспірімдер – 338, ересек тұрғындар - 7 385. Медициналық көмекті тәулік бойы 40 төсектік стационар, күндізгі бөлім – 14 төсектік; Бастаушы ауылындағы дәрігерлік амбулатория, 5 фельдшерлік-акушерлік пункт, 14 медициналық пункт тұрғындарға медициналық қызмет көрсетеді.
Ағымдағы жылдың 11-айында 123 сәби дүниеге келген, 2019 жылдың ұқсас кезеңінде – 136 бала, демек, 2020 жылы бала туу көрсеткіші 10% –ға өсіп отыр, 2019 жылы 11,1% - ды құрады. 2019 жылдың 11-айында нәрестелер өлімі – 3/22, 1%; 2020 жылдың 11-айында – 1/8,1%. 2019-2020 жылдардың 11-айында ана өлімі тіркелген жоқ.
Сонымен қатар, жоспарланған іс-шараларға сәйкес амбулаториялық деңгейде диагностиканың жаңа әдістерін енгізе отырып, ауруды ерте сатыда анықтауға бағытталған скринингтік тексерулер жүргізілді. Олар: 17 жастағы балаларды кәсіби тексеру; қант диабеті; қан жүйесінің аурулары; сүт безі обыры; жатыр мойны обыры; глаукома; тоқ және тік ішек обыры.
Қатерлі ісік ауруы бүгінгі күні өзекті мәселе болып отыр, бірақ айтарлықтай төмендеу жоқ, мысалы, 2020 жылы 158 науқас есепке алынды; /2019 жылы – 164/. Негізгі аурудан болатын өлім – 8 жағдай, 2019 жылы – 10 жағдай. Өлім-жітім көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда - 65,8%, 2019 жылы – 79,5%.
Келесі жылы коронавирустық инфекция және басқа да аурулардың деңгейін төмендету, халық арасында санитарлық алдын алу жұмыстарын кеңінен жүргізу жоспарлануда. Міндетті түрде пациенттердің жас санаттарына скринингтік тексерулер жүргізу, онкологиялық ауруларды ерте диагностикалауды арттыру.

Қанат Апсадықова, аудандық «Жұлдыз»-«Новая жизнь» газетінің тілшісі:
- Пандемия кезінде мемлекет медицина қызметкерлеріне қаржылық қолдау шараларын қабылдады. Сіз басқарып отырған емдеу мекемеңіздің медицина қызметкерлеріне осындай үстемеақы төленді ме?
Ерік Зияданов, «Көкпекті ауданының № 2 аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК бас дәрігері:
- Иә, расында да, мұндай қаржылық қолдау шарасы біздің мекемеде орын алды. Адамдардың 70-75% - ға жуығы ақшалай үстемақы алды, қалғандары жыл соңына дейін тиесілі өтемақыны алуы тиіс.

Назерке Аманкелді, модератор:
- Пандемияның «екінші» толқыны күтіледі ме?

Ерік Зияданов, "Көкпекті ауданының № 2 аудандық ауруханасы" ШЖҚ КМК бас дәрігері:
- Әрине, тәуекелдер бар. Бірақ көп нәрсе қоғамның мінез-құлқына, адамдардың өздеріне, санитарлық нормалар мен талаптарды сақтауға байланысты.

Назерке Аманкелді, модератор:
- КВИ-мен ауыр науқастанғандар анықталған кезде қандай шұғыл шаралар қолданылды?

Ерік Зияданов, «Көкпекті ауданының № 2 аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК бас дәрігері:
- Мысалы, 1 қараша мен 4 желтоқсан аралығында 58 науқас анықталды, оның ішінде симптомды – 37 адам, симптомсыз – 21 адам тіркелген. Барлығы емделді, жағдайлары қанағаттанарлық.

Қанат Апсадықова, аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің тілшісі:
- Қазіргі уақытта Самар ауылдық округінің 3 бірдей мектебі қашықтықтан оқытылуда. Қысқы демалыстан кейін оларды жаңа жылда ашудың қандай алғышарттары бар?

Ерік Зияданов, «Көкпекті ауданының № 2 аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК бас дәрігері:
- Осы мәселе бойынша мынаны айта аламын, мектептердің бірінде індетпен ауырған адаммен байланыста болған балалардың анықталуына байланысты мектептер карантинге жабылды. Егер жаңа жылда балалар мен мұғалімдер контингенті арасында қалыпты жағдай болса, аурудың өршуі болмаса, онда мектептер штаттық режимде жұмыс істеуі мүмкін.

Қанат Апсадықова, аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің тілшісі»:
- Дәрігерлік есепте тұрған науқастарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі қалай?

Ерік Зияданов, «Көкпекті ауданының № 2 аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК бас дәрігері»:
- Біздің пациенттер тегін дәрі-дәрмектермен толық көлемде қамтамасыз етілген. Өтініштердің түсуіне қарай біз оларды уақтылы және қажетті мөлшерде жеткізуге тырысамыз.

Назерке Аманкелді, модератор:
- ПТР тестілері қалай өткізіледі?

Ерік Зияданов, «Көкпекті ауданының № 2 аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК бас дәрігері:
Науқастармен байланыста болған адамдарға ПТР-ға талдау ақысыз негізде жүргізіледі. Мекемеде барлық қажетті құрал-жабдықтармен және киіммен жабдықталған 3 мобильді топ тәулік бойы жұмыс істейді. Бөлінген дәрі-дәрмектер үйдегі стационар жағдайында да тегін жүргізіледі.

Қанат Апсадықова, аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің тілшісі:
-Тұмауға қарсы жоспарлы вакцинация жүргізілді ме?

Ерік Зияданов, «Көкпекті ауданының № 2 аудандық ауруханасы ШЖҚ КМК бас дәрігері:
- Иә, міндетті түрде. Тұмауға қарсы вакцинация жыл сайын тегін жүргізіледі. Жақында біз 2000 вакцина алдық. Вакцинация, әсіресе аймақтың елді мекендерінде жақсы жүргізіледі. Мен бұған ерекше назар аударғым келеді, егер суық /тұмау/ КВИ ауруы болса, адам ағзасына қарсы тұру өте қиын болады. Сондықтан біз тұмауға қарсы уақтылы егуді ұсынамыз.

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз