Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Халқымыз үшін ең қасиетті де қастерлі Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Көкпекті ауданында ұлттық өнер ұлықталды. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырған «Жыр алыбы - Қалихан» атты онлайн айтыс әлеуметтік желідегі бірнеше парақшада тікелей эфирде таратылды. «Tolagai_news» ақпараттық порталы арқылы сөз барымтасын тікелей эфирде тамашалаған көрермен саны - жүзден астам. Бұл жолғы айтыс жыр додасына қазылық еткен әділқазылардың өзі онлайн тамашалап, елдің алдында бірден бағасын беріп отыруымен де ерекшеленді.

 

Айтысқа 8 ақын қатысты. Бәрі де шашасына шаң жұқпас кіл жүйріктер. Қайсысын алып қарасаңыз да аймақтағы аламандарда топ жарып, республикалық деңгейдегі айтыстарда бағын сынап жүрген белгілі ақындар. Жүрсіннің жүйріктері қатарынан саналатын - Фархат Маратұлы, жас талапкерлер - Аян Қалымбек пен Айбек Жеңісқазин, былтырғы жылы өткен Көкпектідегі облыстық айтыстың бас жүлде иегері - Баян Бағдатұлы, Шығыс жұртына кеңінен танымал - Ардабек Ақбабаұлы, Манарбек Сатыбалды, Қуаныш Еркінұлы сынды ақындар топқа түсті. Семей шахарының намысын қорғаған ару Айшолпан Тлеутай соңғы жылдары қазақ айтыс өнерінің көгінде жарқ ете қалған жарық жұлдыздың бірі екені даусыз. Міне, осындай шетінен шайыр, азуын айға білеген ақындар 3 сағат бойына онлайн айтыстың көрігін қыздырды.
Қалихан Алтынбаев шығар-маларын, елге еткен еңбегін паш ету, ұлы мұрасын жаңғыртуды көздеген аймақтық айтыстың алғы сөзін Көкпекті ауданының әкімі Серікқазы Садуақасов айтты.
– Ұлы бабалар дәстүрі айтыстың жаңғырып жатқаны - мерекемен тең. Қалихан Алтынбаевтың рухани мұрасын насихаттау - біздің міндетіміз. Сондықтан да, Қалихан ақынның атындағы айтыс жыл сайынғы дәстүрлі шараға ұласуы тиіс. Бүгінгі сөз сайысында бақ сынайтын ақындарға сәттілік тілеймін, - деді аудан басшысы.
Қауіпті індеттің таралуына байланысты мәдени шаралардың барлығы тоқтатылып тұрған уақытта онлайн айтысты ұйымдастыру да оңай шаруа емес екенін айтқан абзал. Ақын атындағы мәдениет үйінің қызметкерлері «Жыр алыбы - Қалихан» атты айтыстың ұйымдастыруына тікелей мұрындық болды. Бұл жерде төл өнердің жанашыры Фархат Маратұлы, шебер ұйымдастырушы Нарқыз Елубекқызының еңбегі ерекше. Алижан Артықбаев пен Аяжан Амантайқызы бастаған түсірілім тобы онлайн режимде көрерменге сапалы эфир таратуға барын салды. Айтыс тізгінін қолына алған Манарбек Бекішев айтулы шараны кестелі сөзбен өрнектеді.
Осындай кіл жүйріктің өнеріне сахна майталманы Серік Құсанбаев және сөз шебері Қазыбек Байжұманов сынды беделді әділқазылар алқасы төрелік етті.
Ерекше форматтағы айтыс барысында ақындар ел мен жер шежіресін жырлады. Қалихан мұрасын тілге тиек етіп, Көкпекті тарихынан сөз қозғады. Көптен күткен көрермен ақындардың да дүбірлі доданы сағынып қалғандарын бірден сезді.
Қамшы салдырмас қос жүйрік Баян Бағдатұлы мен Айшолпан Тлеутайдың бірінші жұп болып сөз қағыстыруы - айтыстың қызықты өтуіне арқау болғаны сөзсіз. Сапалы айтыс жасаған Айбек Жеңісқазин мен Ардабек Ақбабаұлының жұбы да көрерменге әдемі теңеу мен ұтқыр ой ұсынды. От ауызды, орақ тілді жас пері Аян Қалымбек пен тәжірибесі толысқан Қуаныш Еркінұлы көрерменге естен кетпес мағыналы айтыс сыйлады. Соңғы болып эфирге шыққан Фархат Маратұлы мен Манарбек Сатыбалды сүбелі айтыс жасап, шырайлы жыр төгіп, сөз өрнегін көрсетті. Екінші айналымға алқынбай өткен 4 ақынның сөз саптауы да көпшілік көңілінен шықты. Ақтық сында көкпектілік Фархат Маратұлы мен Қуаныш Еркінұлы суырыпсалма айтыстың шынайы үлгісін паш етті.
Сөз сайысының қоры-тындысы бойынша, жүлделі үшінші орынды 2 бірдей ақын - зайсандық Ардабек Ақбабаұлы мен үржарлық Баян Бағдатұлы иеленді. Жүлделі 2-ші орын Көкпектінің жүйрігі Фархат Маратұлына бұйырды. «Жыр алыбы - Қалихан» атты облыстық онлайн айтыстың жеңімпазы Ақтастың намысын қорғаған Қуаныш Еркінұлы болып танылды.
Барлық ақындарға ақшалай сыйақылар мен алғыс хаттар табысталды.

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз