Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Айлары асығыс, күндері қауырт өтіп жатқан қоғамның мейірім мен қайырымға, аялы алақанға мұқтаж екені жиі байқалады. Тағдыр жазуымен егде жаста жалғыз өмір сүруге мәжбүр қарттар мен дерттері жас талғамайтын мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де ыңғайлы, біртұтас ағзадай жүйелі жағдай жасау – біздің қоғам алдында тұрған маңызды міндет. Олар әрқашан жалғызілікті қарттарымыздың жанынан табылады. Мүгедектердің мұңын бөліседі. Мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсетеді. Мейірімге толы жүрегі мен жылы пейілін ұсынады.

 

Кәсіби мерекеге орай арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында болып, бір күндік жұмысының куәсі болдық.
Бізді орталықтың директоры Райхангүл Қапезқызы жылы қарсы алды. Мекеме басшысы тағдырдың тауқыметін тартқан жандардың жағдайын жасап, бабын табу оңай еместігін тілге тиек етті. Аудан бойынша мекеме қызметкерлерімен 220 қызмет алушыға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Мұнда жалғыз басты қарттарға, мүгедектерге, мүмкіндіктері шектеулі балаларға және 18 жастан асқандарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері бар.
– Жазғызілікті қарттардың өзіндік тағдыры, жазылмайтын жарасы, жанға батар жағдайы мен мұңы бар. Сондықтан да олардың жүрегі нәзік, көңілдері кірпияз. Сәл нәрсеге ренжіп, мұңайып қалады. Біз ұжымымызбен сол жарым көңілді жандардың көңілін табуға тырысамыз. Ал шындығында әлеуметтік күтушілердің атқаратын жұмысы оңай емес. Олар әртүрлі жастағы адамдарға көмек берумен ғана шектелмейді. Бір мезетте педагогтің, дәрігердің, заңгердің, психологтің қызметін де атқарады. Қажет азық-түлігін әкеліп, құжаттарын реттейді. Адамгершілігі мол, мейірімді адам болмаса, екінің бірі бұл жұмысқа шыдамайды. Сондықтан ең үздік, ең мықты қызметкер – әлеуметтік салада. Әрбір қызмет алушымен тіл табысып, жүректеріне жол таба білген әлеуметтік сала қызметкерлері, Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймын! - дейді Райхангүл Баймолдина.
Әлеуметтік қызметкер атағын абыроймен алып жүрген, өз жұмысына шын ықыласпен кірісетін бұл қызметкерлердің еңбегін ерекше атап өтуге болады.
Бүгін осындай көзге көріне бермес, қиындығы көп жұмысты еңсеріп жүрген арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жұмысы әңгімемізге арқау болмақ. Біз Қабанбай батыр көшесінде тұратын ерлі-зайыпты Юрий Николаевич пен Ольга Павловна Милованованың үйіне бардық. Жалғызілікті жандарға әлеуметтік қызмет көрсетуші Жанар Жанбаева көмек көрсетеді екен.
– Арнайы мекеменің көмегіне жүгінгеніме біршама жыл болды. Маған әр кез қарайласатын әлеуметтік қызметкер - Жанар Еркенқызы. Туысымдай тез тіл табысып кеттік. Оның жақсылығын сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Аптасына сейсенбі және жұма күндері келіп тұрады. Үйді жинап, коммуналдық төлемдерді төлейді, – дейді қызмет алушы - Ольга Павловна.
Әлеуметтік қызметкер бұл салада бір жылдан артық еңбек етіп келеді. Жанар Еркенқызы күнделікті екі сағаттан 4 қызмет алушыға барады. Жалғыз басты қариялар мен мүмкіндігі шектеулі жанға қарайды. Қарамағында 6 адам бар. Үйін жинап, азық-түлік әкеліп береді, олармен серуендейді, тіпті сырласады да. Әлеуметтік қызметкер алдымен психолог болуы керек, -дейді ол. Жалғыз басты, егде жастағы кісілерге көмек көрсететін мамандар олардың үйіне аптасына екі рет құрғақ және дымқыл тазалық жүргізеді. Дүкеннен қажет азық-түліктерін әкелу, дәріханадан қажет дәрі-дәрмектерін жеткізу секілді көмек көрсетеді.
Әлеуметтік қызметкерлердің осы салада тұрақтап қалуы да осы қасиеттерінде. Жұмысы ауыр бола тұра, қызмет алушының бабын табу мақсатында қалтықсыз қызмет ету дене күшімен бірге психологиялық табандылықты да қажет етеді. Бұл жерде адамның діні, нәсілі, ұлты, жасы, білім деңгейі немесе қоғамдағы мәртебесі маңызды емес. Тек қана кең жүректі, адами бейнесі айқын, өзінен гөрі өзгелерге болсын дейтін адамның ғана қолынан келері анық. Айналамызда осындай мейірімді адамдардың көп болғаны қандай ғанибет. Сондықтан, тек мерекеге орай ғана емес, еңбегін елеп, нардың жүгіндей ауыр міндетті арқалап жүрген қызметкерлерді құрметке лайықты дер едік.

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз