Қазан айының соңғы жексенбісінде бүкіл Қазақстан бойынша халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері күні аталып өтіледі. Əлеуметтік сала – еліміздегі ең өзекті бағыттардың бірі болып табылады. Бұл салаға аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі, жұмыспен қамту орталығы, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы мекемелері қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Олар тұрғындардың азқамтылған, мүмкіндігі шектеулі жандар және зейнеткерлерге, сондай-ақ халықтың басқа да осал топтарына қажетті көмек көрсетеді. Олардың ортақ міндеті – көмектесу, қолдау және қорғау.
26 қазан күні аудан әкімдігінің ғимаратында әлеуметтік қызмет көрсету саласының қызметкерлерін марапаттау рәсімі болып өтті. Аудан әкімі Серікқазы Садуақасовтың атынан Көкпекті ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі, халықты жұмыспен қамту орталығы және арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының басшылары Нұрбек Сыдықұлы Сүлейменов, Данияр Адиұлы Айдаров және Райхангүл Қапезқызы Баймолдина алғыс хаттар алды.
- Бүгін аудан басшысы Серікқазы Құсайынұлы біздің жұмысымызды атап өтіп, кәсіби мерекемен құттықтады. Осы кәсіби мерекеге орай аудан әкімінің әлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбегін бағалап, құттықтап, марапаттағаны үшін Көкпекті ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы ұжымының атынан алғысымызды білдіреміз. Әлеуметтік қызметкерлердің ауыр еңбегін бағалағанына өте ризамыз. Барлық қиындықтарға қарамастан, біз өз қызметімізді мақтан тұтамыз және кез келген уақытта адамдарға көмектесуге дайынбыз. Ол үшін біз күш – жігерімізді аямай, әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандарға жылулық пен мейірімділік сыйлай отырып, қолдан келгеннің бәрін жасаймыз, - дейді «Көкпекті ауданының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ басшысы - Райхангүл Қапезқызы.
Әлеуметтік қызмет саласы маңызды мемлекеттік міндетті жүзеге асырады өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға қамқорлық жасау жүктеледі. Біздің қоғамның тұрақтылығы мен әл-ауқаты көбінесе халықты әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік кепілдіктер деңгейіне байланысты.
Қиын да қажетті мамандық бойынша тер төгіп жүргендеріңіз үшін шын көңілден шексіз ризашылығымызды білдіре отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақыт тілейміз. Ел игілігі жолында жаңа табыстарға жете беріңіздер!
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.